Курсовые мероприятия

Межкурсовые мероприятия

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Смарт конференция – игі бастама негізі
15.05.2018 17:22

Конференция беті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2018 жылдың 15 мамыры күні «Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі смарт технологиялар» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференцияға БҚО білім беру ұйымдарының педагогтері, соның ішінде 41 базалық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Жоспарлы басқосу Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстанда смарт қоғамды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Конференцияда алғашқы боп сөз алған институт директоры, п.ғ.к. С.Измуханбетова шақырылған қонақтарды конференция аясында Базалық білім беру ұйымдары басшыларымен Келісімге қол қою рәсімімен құттықтап, ынтымақтастықта жүзеге асырылатын шаралар жоспарына сәттілік тіледі.

Конференция барысында аймақтағы смарт техникаларды пайдаланудағы жетістіктер туралы көрме ұйымдастырылып, «Конференциялар хронологиясы» тақырыбында осыған дейінгі жылдарда өткізілген конференция, семинарлар туралы бейнеролик көрсетілді.

4-топқа шоғырланған секциялық отырыстарда институттың «Математика оқулығы», «Бірге оқимыз!», «Қашықтық курстары», «Сабақ жоспары» инновациялық жобаларының жүзеге асырылуы туралы кеңінен таныстырылды. Әсіресе «Математика оқулығы», «Бірге оқимыз!» жобаларына қатысушылар ыстық ықылас білдіріп, қызығушылық танытты.

Сонымен қатар Смарт техникаларды қолдану мәселелері бойынша педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету; инновациялық технологияларды қолданудағы шетелдік тәжірибені зерттеу мәселелері мен отандық практикадағы жетістіктер, туындайтын қиындықтар талқыланды. Қатысушылар өздеріне қолжетімді смарт техникалармен тікелей жұмыстанып, теория түрінде айтылғандарды практикалық тұрғыда жүзеге асырып, секция жұмысының жандануына ауқымды үлес қосты және өздерін қызықтырған сұрақтарына тұшымды жауап алды.

250 педагогті қамтыған айтулы шараға келіп түскен баяндамалар 6-секцияға топтастырылып, институт сайтында талқылау жүргізілді. Әр қатысушының мақаласына пікірлер жазылып, ұсыныстар да берілді.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша конференцияның тұрақты қатысушыларына  Алғысхат, ерекше үлесі бар педагогтерге «Мақтау қағазы», мақалаларға пікір беріп, сараптамаға қатысқан педагогтерге Сертификат, конференцияның барлық қатысушыларына «Қатысушы куәлігі» берілді және материалдар жинағы жарыққа шықты.

Конференцияға қатысқан ББҰ басшылары атынан сөз алған қонақтар ұйымдастырушы тарапқа үлкен ризашылықтарын білдіріп, Оралдың «Өрлеуінің» әрқашан облыс педагогтеріне пайдалы тың идея, ізгілікті істерімен ерекшеленетіндігін атап өтіп, бүгінгі Меморандум бойынша Серіктес болған білім беру ұйымдарына «Өрлеумен» бірлескен игі қызметтеріне ақ жол тіледі.

 

Комментарии 

 
0 #3 Хайруллина Айгуль 2018-05-22 15:38 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсат міндеттеріне сәйкес білім берудің барлық деңгейлерінде мамандардың цифрлық сауаттылығын арттыру мен қолдау жұмыстарының қажеттілігі айтылған. Осы бағытта "БҚО ПҚБАИ" жыл сайын Смарт-білім тақырыбында өткізіп отыратын конференциясы облыс педагогтерінің Smart-техниканы қолдану бағытындағы тәжірибелерін арттыруға негіз болуда. Бұл жолғы конфренцияда осыған дәлел болып, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жақсы мүмкіндік берді. Цитировать
 
 
0 #2 Байкатова Кумыс 2018-05-18 08:36 Считаю, что инновационные проекты, с которыми подробно ознакомились участники конференции и руководители базовых организаций образования, являются хорошим инструментом для повышения квалификации педагога, обмена передовым педагогическим опытом в дистанционном режиме. Тематика СМАРТ актуальна в рамках цифровизации всех сфер и многие педагоги имеют достаточный уровень ИКТ-компетентности, чтобы участвовать во всех наших проектах. Приглашаем к сотрудничеству! Цитировать
 
 
0 #1 Гулмира 2018-05-16 10:54 Өте жоғары деңгейде өтті, ұстаздарға мол көмек беретін жобалар жұмысы басталған екен. Ұйымдастырушыла р көп рахмет. Цитировать
 

Добавить комментарий

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.