Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Тәжірибе алмасу
22.11.2020 05:16

«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы ұстаздан болады»,- деп Абай  Құнанбаев  айтқандай, бала тәрбиесінде  ата-ананың рөлі ерекше. Бала тәрбиесі – ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.

20 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» ұйымдастыруымен тренермен онлайн форматындағы кездесу өтті. Оралдағы «Өрлеудің»  Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы, сертификатталған тренер Файзуллина Сауле Насипкалиевна «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мен рөлі» тақырыбында іс-тәжірибесін ортаға салды.

Мақсаты: Балаларды үйлесімді тәрбиелеуде ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі.

Қашықтықтан өткен кездесу барысында Сауле Файзуллина Абай Құнанбаев, Бауыржан Момышұлы, жаңашыл педагог Шалва Амонашвили, жазушы Михаил Пришвин сынды ұлы тұлғалардың қанатты сөздерінен мысал келтіре отырып, тәрбие үдерісіндегі ата-ана мен мұғалімнің рөлі, отбасындағы әке мен ананың жауапкершілігі тақырыбындағы тың идеяларымен бөлісті.

Кездесуге қатысқан педагогтер құнды ақпаратпен бөліскен білікті тренер Сауле Насипкалиевнаға алғыстарын айтып,  оң пікірлерін білдірді.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.