Сәтті өткен онлайн-кездесу |
07.11.2020 16:54 |
6 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен тренермен онлайн-кездесу өтті. Қашықтықтан өткен кездесуде Оралдағы «Өрлеудің» Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, сертификатталған тренер Мулдағалиева Рауан Бақытқызы «Қашықтан оқу жағдайында оқушыларға берілетін оқу тапсырмасы қандай болу керек?» тақырыбында іс-тәжірибесін ұсынды. Тақырып аясында «Тапсырма деген не? Тапсырманың көлемі мен сапасы маңызды ма? Тапсырманы қалай тиімді жоспарлауға болады?» деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісті. Сонымен қатар қашықтықтан оқу кезіндегі тапсырма түрлері, мақсаты, тапсырма деңгейі, орындалуы, бағалануы туралы айта келіп, мәтінмен жұмыс жасау тапсырмасын тәжірибеде көрсетіп берді. Мазмұнды өткен онлайн-кездесуге қатысқан педагогтер құнды ақпаратпен бөліскен білікті тренер Рауан Бақытқызына оң пікірлерін білдірді. |
Comments