Байқау ережесі таныстырылды |
05.11.2020 07:53 |
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні Оралдың «Өрлеуінде» әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі бас маман Гаухар Дүйсекова «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» айлығы аясында қызметкерлердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтауы бойынша ұйымдастырылған «Айдың үздік қызметкері» байқауының ережесімен таныстырып өтті. Байқаудың мақсаты: қызметкерлердің мансаптық өсуін ынталандыру, олардың кәсіби белсенділіктерін арттыру, білікті, бастамашыл қызметкерлерді қоғамның кадрлық резервіне қосу. Байқау ережесі бойынша әр айдың үздік қызметкері анықталып отырады. Кандидатураларды іріктеу ұсынылған критерийлерге сәйкес жүргізіледі. Оның ішінде ішкі нормативтік құжаттар, ішкі еңбек тәртібі, жемқорлыққа қарсы стандарт, қызметтік этика қағидаларын білуі ескеріледі. Ұжым үшін түрлі шараларды ұйымдастыруы, еңбекке жарамсыздық фактілерінің болмауы шарт. Ай соңында үздік қызметкер туралы мәлімет филиал сайтында орналастырылып, комиссия шешімімен марапатталады. |