Қашықтық курсы өтуде |
23.10.2020 18:08 |
9-30 қазан аралығында Оралдың «Өрлеуінде» Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында математика пәні мұғалімдеріне арналған қашықтық курсы өтуде. 9-30 қазан аралығында Оралдың «Өрлеуінде» Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында математика пәні мұғалімдеріне арналған қашықтық курсы өтуде. Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылған курсқа Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, білікті тренер Мәншүк Нургазинова жетекшілік етуде. Курс тыңдаушылары математика пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен танысып, бағдарламаға сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді меңгеру, оқу мақсаттарына қол жеткізуде критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білу, қажетті дағдыларды қалыптастыру бойынша біліктіліктерін жетілдіруде. |
Comments