Қашықтық курсы өтуде |
23.10.2020 18:05 |
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Орал – «Өрлеу» институтында 19-30 қазан аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында қашықтық курсы өтуде. Курсты ұйымдастырушы институттың білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушылары, білікті мамандар Гүлмаржан Өтеғұл, Сәуле Файзуллина және Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Зайлағи Жакслыков. Онлайн курс барысында жаңартылған білім беру бағдарламасындағы сабақты жоспарлау дағдыларын дамыту, белсенді оқыту әдіс-тәсілдерінің сабақ кезеңдерінде тиімді қолдану қажеттілігін түсіндіру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық аспектілерін меңгереді. Курс тыңдаушылары мен тренерлерге сәттілік, шығармашылық жетістік тер тілейміз! |
Comments
Курсқа қалай қатысуға болады? Quote
Курсқа қалай қатысуға болады? Quote