Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс аясындағы көшпелі тәжірибелік сабақтар
10.10.2018 09:16

2018 жылдың 1-12 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының тәрбиешілері мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курсын өткізуде.

Қурсқа облыстың мектепалды даярлық топтарының 20 педагогі қатысуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған. КТС мақсаты мен міндеттері:

  • Мектепалды даярлық топтары педагогтерінің инновациялық педагогикалық амалдарды қолдану жолдарын тәжірибеде көрсету;
  • Шеберлік сынып сабақтарына қатысу;
  • Мектепалды даярлық топтары педагогтерінің инновациялық педагогикалық амалдарды  қолдануы бойынша іс-тәжірибе алмасу.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 9 қазан күні Орал қаласының №42 «Ақ ниет» гимназиясында «Әліппемен» жұмыс жасау кезінде мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілге деген қызығушылығы мен құштарлығын қалыптастыру. Мектепке дейінгі ұйым және бастауыш мектептің бірыңғай білім беру кеңістігін құру» тақырыбында өткізілген көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында ұйымдастырылған оқу қызметіне, шеберлік сыныптарға және балалардың қойылымына курс тыңдаушылары белсене қатысты.

КТС бағдарламасы бойынша директордың бастауыш ісі жөніндегі орынбасары А.С.Шаиева тыңдаушыларға «Гимназия тынысы» тақырыбында шолу жасады,   жоғары санатты мектепалды даярлық тобы мұғалімі А.Ғ.Бекмашева команда жасақтау және сенімділікті арттыру мақсатында «Өрмекші торы», «Құбыр» тренингтерін өткізді. Сонымен бірге 0 «А» сыныбының мұғалімі Л.Г.Гайнединова және 0 «Г» сыныбының мұғалімі А.Т.Айткужина «О дыбысы және әрпі» тақырыбында оқу-іс әрекетін   өткізді.  «Әдістемелік шеберхана» бөлімінде  жоғары санатты мектепалды даярлық тобы мұғалімі А.Ғ.Бекмашева «Ертегі жанрын ажыратуға, оқиғаны болжауға, рөлге бөліп орындауда тілдік нормаларды дұрыс қолдануға үйрету», екінші санатты мектепалды даярлық тобы мұғалімі Г.Қ.Мажитова «Баланың шығармашылық қабілеті мен тілін дамытуда құрастырғыш ойыншықтардың маңыздылығы» тақырыптарында шеберлік сыныптарын көрсетті, сонымен қатар мектепалды даярлық тобы мұғалімдері Ш.Е.Умирзакова, Ж.С.Кунашева, Ж.Н.Шаблиева «Қайырымды қоян» қойылымын ұйымдастырып, балалар сахналады.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған № 42 «Ақниет» гимназиясы директоры Е.Ж.Темірғалиевке және ұжымға институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.