Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жаңалықтар
Үздік педагогтер эстафетасы
28.11.2020 09:14

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ және Білім басқармалары ұйымдастыруымен виртуалды білім беру бағытында еліміздің үздік педагогтерінің цифрлық сабақтарды әзірлеу эстафетасы өтуде. Эстафета аясында барлық пәндер бойынша ІІІ-ІV тоқсан бағдарламасына сәйкес бейнесабақтар дайындау жалғасуда.

 
Тәжірибе алмасу
22.11.2020 05:16

«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы ұстаздан болады»,- деп Абай  Құнанбаев  айтқандай, бала тәрбиесінде  ата-ананың рөлі ерекше. Бала тәрбиесі – ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.

 
«100 нақты қадам» бағдарламасы аясында басқосу болды
12.11.2020 10:34

11 қараша  күні Оралдағы «Өрлеу» институтында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында басқосу болды.

 
Сәтті өткен онлайн-кездесу
07.11.2020 16:54

6 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен тренермен онлайн-кездесу өтті. Қашықтықтан өткен кездесуде Оралдағы «Өрлеудің» Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, сертификатталған тренер Мулдағалиева Рауан Бақытқызы «Қашықтан оқу жағдайында оқушыларға берілетін оқу тапсырмасы қандай болу керек?» тақырыбында іс-тәжірибесін ұсынды.

 
Байқау ережесі таныстырылды
05.11.2020 07:53

Ағымдағы жылдың 5 қараша күні Оралдың «Өрлеуінде» әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі  бас маман Гаухар Дүйсекова «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» айлығы аясында қызметкерлердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтауы бойынша ұйымдастырылған «Айдың үздік қызметкері» байқауының ережесімен таныстырып өтті.

 
Дәстүрлі облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
28.10.2020 13:32

28 қазан күні Оралдағы «Өрлеуде» қашықтықтан онлайн форматында «Жаңартылған білім беру процесінде SMART технологияларды қолдану» тақырыбында дәстүрлі облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Биылғы жылы сегізінші рет ұйымдастырылған шараға облыс, қала педагогтері, институт қызметкерлері қатысты.

 
Хабарландыру
27.10.2020 09:01

Конференция 2020 жылдың 28 қазанында өткізіледі.

Басталуы жергілікті уақытпен сағат 10:00. Конференция Zoom платформасында өткізіледі және YouTube каналында тікелей көрсетіледі. Конференцияға қатысу үшін алдын-ала тіркеліңіз:

https://us02web.zoom.us/meeting/register/tZ0rdu6prDgvGNUshe6uZvytTDLfyJNg6P-O

 

Конференция беті - Страница конференции

 
Қашықтық курсы өтуде
23.10.2020 18:08

9-30 қазан аралығында Оралдың «Өрлеуінде» Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында математика пәні мұғалімдеріне арналған қашықтық курсы өтуде.

 
Қашықтық курсы өтуде
23.10.2020 18:05

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Орал – «Өрлеу» институтында 19-30 қазан аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында қашықтық курсы өтуде.

 
Курс басталды
20.10.2020 20:36

Бүгін 19 қазан күні Оралдағы «Өрлеу» институтында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында "Дүниежүзі тарихы" және "Құқық негіздері" пәндері бойынша курс басталды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>