«Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы» тақырыбында Республикалық on-linе семинар |
13.02.2019 16:19 | ||||||||||||||||||||||||
«Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы» тақырыбында Республикалық on-linе семинарды өткізудің ЕРЕЖЕСІ
1.1. «Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы» тақырыбындағы Республикалық on-linе семинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырады. 1.2. Өткізу мерзімі: 2019 жылдың 28 наурызы, басталуы сағат 10:00. 1.3. Өткізу форматы: on-linе режимінде http://online.ripkso.kz/vko платформасы 1.4. Білім беру мекемелерінің басшылары, әдіскерлері, мектептердің басшылары және педагогтері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері т.б. 2. Республикалық семинардың өзектілігі Біліктілікті арттыру институты үздіксіз білім беру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби дамуының мәселелерін шешуге бейім неғұрлым тиімді құрылым. Мұғалімдерді кәсіби қолдаудың өзекті формасы - әдістемелік десант өткізу. Әдістемелік десант – бұл оқу процесінің тиімділігін, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруды, оқушылармен тәрбие және оқу жұмыстарын жетілдіруді, курсаралық оқу және әдістемелік жұмыстардың барлық түрлерінің жетілуін қамтамасыз ететін кешенді шара. Әдістемелік десант өткізгенде жас мамандарды кәсіби қолдау көрсетуге баса назар аударылады, тәжірибелі тренерлер мен әдіскерлер оқытудағы, оқу материалдарын дайындау қиындықтарын анықтап, жүйелі және жекелей қолдау көрсетеді (ментор). Әдістемелік десанттар аясында жекелей, топтық кеңестер беріледі, практикалық жаттығулар енгізілген оқу-әдістемелік шаралар, педагогтердің сараптамалық біліктеріне тапсырмалар, мақсаттар қою, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесін бағалау тапсырмалары ұсынылады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар Жылы» деп жариялағанына орай жас педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру - білім берудегі түйінді міндеттердің бірі болып саналады. 3. Республикалық семинардың мақсаты Мақсаты: жас педагогтерді кәсіби қолдау, педагогикалық шеберлікті жетілдіру бойынша практикалық, әдістемелік қолдау көрсету. Міндеттері: - курсаралық кезеңде жас педагогтерге кәсіби қолдау көрсетуді ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылау; - әдістемелік десант өткізудің ғылыми-практикалық тәжірибесін тарату, педагогтерге жұмыс орнында әдістемелік көмек көрсетуде туындаған мәселелерді шешу жолдарын қарастыру; - жас педагогтерді педагогикалық әрекетке бейімдеудің шешімдерін әзірлеуге педагогикалық қауымдастықты және қоғамды тарту. 4. Республикалық on-linе семинар жұмысының мазмұны және формасы 4.1. Семинар жұмысының негізгі бағыттары: Семинардың негізгі бағыттары: 1. Оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу негізінде оқу үдерісінде білім берудің жаңартылған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жас мұғалімге кешенді әдістемелік қолдау көрсету. 2. Инновациялық және АКТ негізінде жас мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби бейімделуі мен олардың шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау. 3. Тренерлер оқыту семинарлары, тренингтер, коучингтер және менторингтер, шеберлік сыныптары арқылы оқытудағы құзырлылық, коммуникативті әрекеттерді жас мұғалімнің практикаға енгізуіне ықпал етуі. 4.2. Семинарды өткізу тілі: қазақша, орысша. 5. Республикалық on-linе семинарға қатысу тәртібі: 5.1. Семинарға қатысу үшін білім беру мекемелерінің басшылары және әдіскерлері, мектептердің басшылары, педагогтер, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері және басқа да зерттелетін тақырыпқа қызығушылық білдірушілер шақырылады. 5.2. Ұсынылған бағыттарға сәйкес on-lin семинары жұмысына қатысуға өтініш және өткізілетін шара электронды поштаға жіберілуі тиіс (Қосымша 2) (5 минуттан артық емес) Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript 2019 ж. 28 ақпанға дейін . 5.3. Өтініш пен шараны жеке файлдарда, автордың аты-жөнін жіберу қажет: «семинар_аты-жөні», «өтініш_аты-жөні». 5.4. Республикалық on-linе семинарды ұйымдастырушылар өзектілігі, ғылымилығы және практикалық маңызы тақырыпқа сәйкес емес шараларды алдын ала іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Ұсынылған шараларға пікір берілмейді және кері қайтарылмайды. . 5.5. Республикалық on-linе семинар материалдары, шараны ұйымдастыру және өткізу бойынша электрондық сертификаттар және алғыс хаттар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының (www.ipkvko.kz). сайтында жарияланады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөліміне хабарласуларыңызға болады. Байланыс телефоны 8(7232)70-38-58; координаторлар - Егорина Лариса Викторовна, Нуркенова Сайран Ескендировна 8(7052213204).
Қосымша 2 «Әдістемелік десант- жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы» тақырыбындағы Республикалық on-linе семинарға қатысуға
Өтініш
|
Comments
Сәлеметсізбе. Өткізетін Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал. Басқа облыстардан да қатысуға болады. Жоғарыдағы келесі пунктті қараңыз:
5. Республикалық on-linе семинарға қатысу тәртібі: Quote