Республикалық "Өнеге" интеллектуалды білім порталы қыркүйек айына байқау жариялайды. Бұған Республикамыздың түкпір- түкпіріндегі мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тəжірибелі ұстаздары мен білім алушылары және балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері ат салыса алады.
Балабақша бүлдіршіндері, даярлық топтары және 1-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері байқау жұмысы төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
- Тілім менің- тірлігімнің айғағы! (22 қыркүйек ҚР халықтарының тілдері күніне орай өлең,эссе,сурет)
- Қарттарым аман сау жүрші! (Эссе, сурет, өлең)
- Ұстаз аты биік әрі мәңгілік! (Ұстаздар мерекесіне орай өлең, эссе, сурет)
- Сегіз қырлы, бір сырлы (Ән, би өнері. Еркін тақырыпта, жанды дауыспен аспаптардың сүймелдеуімен оқушының ән шашуы немесе би өнерін көрсетуі. Сапалы бейнекамераға немесе ұялы телефонға түсіру арқылы жолдай алады.)
- Мәнерлеп оқу (Еркін тақырыптағы өлеңдерді мәнерлі түрде жатқа оқуы тиіс. Сапалы бейнекамераға немесе ұялы телефонға түсіруге болады.)
- Таңғажайып картина (Еркін тақырыпта сурет байқауы)
- Баба мұрасы - қолөнер
- Үздік ғылыми жоба (кез келген тақырыпта ұстазымен бірлесе отырып жасаған ғылыми жұмысы)
- Менің жазғы демалысым (Эссе, сурет, өлең)
- Көркем жазу (Еркін тақырып)
- Жасын ғұмыр жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 75 жыл (Шығармаларынан үзінді оқу, сурет салу және эссе жазу)
Қатысушыға қойылатын талаптар:
Эссе, өлең көлеміне шектеу жоқ, ғылыми жоба көлемі 15 беттен (А 4 форматы) аспауы тиіс. Беттер номерленбейді.
- Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см.
- Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 12.
- Қатараралық интервал - бірлік.
- Ән, би байқауында мерекелік киіммен өзінің қалаған әнін (би өнерін) айтуына, билеуіне болады.(Басқа ұлттың да әнін орындауға, би ырғағын келтіруге рұқсат етіледі). Оқушы жанды дауыста орындауы тиіс.
- Шығармалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
- Байқауға қатысушыларға сертификат, диплом, алғыс хат беріліп, үздік деп танылған материалдар, әндер мен көркем сөз шеберлері сайтымызда әділқазы төрағасының алғыс сөзімен жарияланады.
- Сканерден өткізілген немесе анық көрінетін етіп түсірілген фотосуреттегі төлем туралы құжат (түбіртек немесе төлем тапсырмасын), электронды түрде байқау жұмысын
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
электронды поштасына жіберу қажет.
- Оқушылар жұмысы сыныбына қарай бағаланады. Әрбір қатысқан оқушыға сертификат, диплом, жетекшісіне алғыс хат беріледі.
Байқау жұмыстары 2018 жылдың қазан айының 9 –ына дейін қабылданады. Қорытынды 19 қазан күні жарияланады.
Мұғалімдерге арналған байқау тақырыптары:
- Үздік мерекелік іс – шара
- Ашық тәрбие сағаты
- Үздік сабақ жоспары(пән бойынша кез келген сабақ жоспарын ұсына алады)
- Үздік ашық сабақ (пән бойынша кез келген сабақ жоспарын ұсына алады)
- Үздік сабақ презентациясы
- Үздік сыныптан тыс іс шара
- Менің шәкіртім - мектеп мақтанышы! (Үздік шәкірті туралы баяндама)
- Тәлімі мол тәрбиеші!
- Үздік педагог портфолиосы
- Үздік психолог портфолиосы
Байқау жұмыстары 2018 жылдың қазан айының 9–ына дейін қабылданады. Қорытынды 19 қазанкүні жарияланады.
(Сұраныс толтыру міндетті) Оқушы және мұғалім сұраныс үлгісін төмендегі сілтеме бойынша жүктеп ала аласыз:
http://onege.kz/ylgi/
Қатысу жарнапұлы:
Оқушылар үшін 450 (төрт жүз елу) теңге Мұғалімдер үшін 1200 (бір мың екі жүз) теңге
ЖЕҢІЛДІКТЕР:
Егер бір сыныптан 20 оқушыдан астам қатысқан жағдайда 400 теңге, ал бір мектептен 50 – ден астам оқушы қатысқан жағдайда 350 теңгеден төлей алады.
Егер бір мектептен 20 мұғалімнен жоғары қатысқан жағдайда 1100 (бір мың бір жүз) теңге, бір мектептен 30 мұғалімнен асқан жағдайда 1000 (бір мың теңге) төлемақы төлеуіне болады
Төлемақы Халық Банк картасына немесе Киви кошелекке және Билайн байланыс операторына төлем жасау арқылы жүргізіледі:
Біздің реквизиттер:
Halyk Bank: 43 90 87 82 04 77 89 70
Казпочта счет номері: KZ56563N350000062444
ИИН: 840102401172
QIWI - кошелек: +77053752323
Beeline мобильдік операторына төлем жасау: +77053752323
Анықтама телефондары: +77053752323
Толық ақпарат www.onege.kz сайтында |
Comments