Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вакансия

«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы  Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бос лауазымдық орындарға орналасуға конкурс жариялайды


1. Курстан кейінгі сүйемелдеу және инновацияларды енгізу зертханасының IT маманы

Үміткерге қойылатын талаптар: кәсіптік жоғары білімінің және тиісті функционалдық бағыттағы салада кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы; Локальды желі, сымсыз желіні басқара білуі, компьютерлерді күтіп-баптау, антивирустар орнату, смарт құрылғыларды кәсіби деңгейде қолдана білуі;

 

2. Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің бас маманы

Үміткерге қойылатын талаптар: кәсіптік жоғары білімінің және тиісті функционалдық бағыттағы салада кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы;

Мәліметтер базасымен жұмыс істеу дағдысы және Microsoft Word, Excel бағдарламасын жетік білуі;

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші тұлға төмендегідей құжаттарды ұсынады:

  1. Өтініш;
  2. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ;
  3. Фотосурет (формат 3х4);
  4. Жеке басын куәләндыратын құжат көшірмесі;
  5. Мекенжай анықтамасы;
  6. Қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар(жоғары білімі туралы, біліктілікті арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралы құжаттардың көшірмелері, жергілікті жері бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері. Ескертпе: Құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді;
  7. Белгіленген нысандағы медициналық анықтама (086Н);
  8. Қылмыстық құқық бұзушылық және жемқорлық құқық бұзушылықты жасағандығы туралы мәліметтердің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
  9. Әскери міндеттілер әскери есепке қойылуын растайтын құжатты тапсырады.

Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.

Көрсетілген құжаттарының біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар берілген құжаттар тізбесіне сәйкес, құжат тігілетін папкаға салынған күйінде хабарландыру берілген күннен бастап, 14(он төрт) күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс:

Орал қаласы, Евразия даңғылы 238/2,  203 кабинет

Анықтама үшін телефондар: 25-15-55, 25-15-72

Электрондық пошта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript