Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» кітапханасы

Мерзімдік басылымдар тізімі

КАБИС

«Бірге оқимыз» жoбасы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»  кітапханасы  Батыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институтының маңызды құрылымдық бөлімінің бірі. Кітапханада  біліктілікті арттыру бағытындағы  ақпараттық ресурстар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімді басылымдар  қоры жинақталып, сақталған. Институт кітапханасы 4 бөлімнен тұрады: оқу залы, кітап қорын сақтау бөлімі, абонемент, мерзімді басылымдар бөлімі.

Ең өзекті және жедел ақпарат көздері (мерзімді басылымдар), институттың оқытушылар құрамының еңбектері оқу залының қорында жинақталған. Энциклопедиялар, анықтамалар, сирек және педагогикалық бағыттағы құнды басылымдар оқу залына пайдалануға рұқсат етілген. Педагогикалық бағыттағы республикалық, шетелдік басылымдар мерзімді басылымдар бөлімінде жинақталып, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларының сұраныстарына сай ұсынылады. Берілген ақпараттық сұраныстар кейін кітапхана қызметінің статистикалық мәліметтер қорына енгізіледі.

Кітапханалық–библиографиялық үдерістерін автоматтандыру үшін ЖШС«Kazakh Soft» компаниясы  өңдеген «КАБИС» (Қазақ автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі) лицензияланған кітапханалық бағдарламасы енгізілген. Институт кітапханасы қоры аталмыш электронды жүйеге енгізіліп, институттың ресми сайтында сілтемесі көрсетілген.

Бөлімнің мақсаты:

Институттың білім беру үдерісін дамытуда ақпараттық-библиографиялық ресурстарды  ұсыну, сонымен қатар заманауи инновациялық технологияларды кітапхана қызметінде пайдалану арқылы педагогтердің ақпараттық қажеттіліктерін уақытылы қанағаттандыруды ұйымдастыру.

Кітапхананың міндеттері:

-         институттың оқытушылар құрамына  дер кезінде ғылыми-әдістемелік, кешенді құралдарды ұсыну;

-         біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларының сұраныстарын  жан-жақты талдап,сапалы  ақпарат көздерін ұсыну және қамтамасыз ету;

-         біліктілікті арттыру курстары барысында кітапханалық – ақпараттық қызметтің дәстүрлі және заманауи инновациялық  формасын ұсыну;

-         білім мазмұнын жаңарту бағытында институттың оқытушылар құрамының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жетекші білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік басылымдарын қадағалап,  оқытушылар құрамына хабардар ету;

-         Институт кітапханасының қызметі мен ғылыми-әдістемелік бағыттағы кітап қорын әлеуметтік желілер арқылы насихаттау.

-         Оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету үдерісі мен кітапханалық құжаттар қатарын КАБИС автоматтандырылған жүйесі арқылы жүргізуді жалғастыру және насихаттау.

Бөлімнің әлеуметтік желілердегі адресі:

www.facebook.com - @OralOrleuKitapkhana

www.instagram.com - @bko_orleu_kitapkhana

Бөлімнің қызметкерлері:

Бөлім меңгерушісі:

Бадакова Индира Маратқызы

Телефон: ұялы: 8-747-760-37-52

жұмыс: 8-(7112) 24-41-66

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Жұмыс өтілі: 10 жыл

Білімі: Жоғары. Махамбет  Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2007 ж.

Мамандық: Кітапханашы-библиограф.

 

Кітапханашы:

Нурланбаева Айгүл Асхарқызы

Телефон: ұялы: 8-705-316-32-96

жұмыс: 8-(7112) 24-41-66

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Жұмыс өтілі: 10 жыл

Білімі: Жоғары. Махамбет  Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2016 ж.

Мамандық: Кітапханашы -библиограф.

 

Толық ақпарат - Кітапхананың жеке бетінде