Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Көпшілік алдында сөз сөйлеуді үйрету жолдары» курс тыңдаушыларына сертификаттар табысталды
18.07.2019 19:22

Фотогалерея

Видео

18 шілдеде БҚО Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» ұйымдастыруымен екі айлық «С1 деңгейі бойынша қазақ тілін оқыту» курсы қорытындыланып, қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Алдымен институт директорының орынбасары Елдос Сафуллин сөз алып, институтта алғаш рет өткізіліп отырған курстың қызғылықты өткенін айтып, курстың өтуіне қолдау көрсеткен Тілдерді дамыту басқармасына және тренерлер Рысханым Қуанаева мен Рауан Мулдағалиева алғыс білдірді. Аталмыш мекеменің бас маманы Баянгүл Семғалиева аталмыш курс мемлекеттік тілге деген құрмет, шұрайлы ана тіліміздің өрісін кеңейтіп, мәртебесін арттыруға септігін тигізетінін тілге тиек етіп, болашақта осындай курстарды ұйымдастыруға қолдау көрсетілетіндігін айтып өтті.

Шараның қорытындысында «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша тыңдаушылар өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты.

Баянгүл Семғалиева, БҚО тілдерді дамыту басқармасының бас маманы: Облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен өткен бұл курс талапқа сай өтті. Тренерлердің әдістемесі, ізденістері ұнады. Аудиториямен кері байланыс, тыңдаушылармен психологиялық қарым-қатынасы жоғары деңгейде болды. Ұжымға табыстар тілеймін.

Гүлжамал Кенжеғалиева, «Орал өңірі» газетінің тілшісі: Курсқа басынан бастап қатысып отырдым. Курс барысында тренеріміз Рысханым Сағынбайқызының үлкен жауапкершілігі, ізденісі өте ұнады. Ал тәжірибелік сабақ барысында ұйымдастырылған дебат жоғары деңгейде өтті. Сабақтардан үйренгеніміз көп болды. Маған осы курс үлкен әсер қалдырды.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.