Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс аясындағы көшпелі тәжірибелік сабақтар
07.02.2019 19:30

2019 жылдың 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында  білім беру ұйымдарының педагог-психологтері курсын өткізуде.

Қурсқа облыстың білім беру ұйымдарының 26 педагог-психологтері қатысуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған. КТС мақсаты мен міндеттері:

  • инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға жеке білім беру маршрутын құрастыру мен жүзеге асыру жолдарын тәжірибеде көрсету;
  • психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға өткізілген жеке сабақтарға қатысу;
  • психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін ұйымдастыру бойынша іс-тәжірибе алмасу.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 5 ақпан күні Орал қаласының № 22 жалпы орта білім беретін  мектебінде  «Инклюзивті білім беру жағдайында ЕББҚ бар оқушыларға жеке білім беру маршрутын құрастыру мен жүзеге асыру» тақырыбында өткізілген көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында ұйымдастырылған жеке түзете-дамыту сабақтарына курс тыңдаушылары белсене қатысты.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.