Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Тәжірибелік сабақтар мен шебер сыныптар ұйымдастырылды
07.02.2019 09:42

2019 жылдың 6 ақпанында Орал қалалық №1, 49 және Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ педагогтері араласуымен музыка пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсында тәжірибелік сабақтар мен шебер сыныптар ұйымдастырылды.

«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы музыка пәні мұғалімдеріне арналған  біліктілікті арттыру курсы аясында Орал қалалық №49 ЖОББМ педагог-зерттеуші Тлеумагамбетов Касен Орнбасарович 2 сынып «Менің мектебім»  бөліміндегі «Сыңғырлаған қоңырау» тақырыбындағы сабағын көрсетіп, белсенді оқытудағы ұстанымы бойынша шебер сыныбын,  Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ педагог-сарапшы Казмаганбетова Назгуль Булатовна 2 сынып «Дені саудың жаны сау»  бөлімінің  «Қысқы спорт түрлері» тақырыбындағы сабағы және «Оқу нәтижелерін бағалау жолдары» тақырыбында шебер сыныбын,   №1 ЖОББМ педогог-модераторы   Муханбеткереева Сауле     Амангельдиевна  2 сынып    «Қоршаған орта»  бөлімінің  «Құстар бейнелейді»  тақырыбындағы сабағы және  белсенді оқытудағы  оқу іс-әрекетінен  шебер сыныптарын көрсетіп, тәжірибе алмасты.

Сабақтар мен шебер сыныптар  әдістемелік жағынан өте жоғары деңгейде өтті. Тыңдаушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша теория мен практиканың ұштасқанын, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым (орындалым) дағдыларын дамытудың тиімді әдістерін, инновациялық технологияларды қолдану шеберлігін, қалыптастырушы бағалау мен әртүрлі деңгейдегі саралау тапсырмалары қолданылған тәжірибелерді көрді.  Аталған педагогтер курс тыңдаушыларына тәжірибелік кеңестерін беріп,  оқу материалына қажетті ресурстарымен бөлісті.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.