Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс аясындағы көшпелі тәжірибелік сабақтар
07.02.2019 09:20

2019 жылдың 4 мен 8 ақпан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған. Курстың оқу бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында, 6 ақпан күні Орал қаласының №29 «Балауса» бөбекжайында «М.Монтессори, В.Воскобовичтің педагогикалық технологиялары арқылы мүмкіндігі шектеулі балалармен жаппай топтық жұмыс оқу қызметін ұйымдастыру. Құм терапиясы» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.

КТС бағдарламасы бойынша бөбекжай директоры Г.Г.Кубалиева тыңдаушыларға бөбекжай тынысы туралы шолу жасап,  семинар бағдарламасымен таныстырды. Бөбекжайдың хореографы Ф.У. Нурмакова, музыка жетекшілері А.Мұса, С.Б. Рахметжанова «Сазды сәлем жолдаймыз!» атты бөбекжайдан  музыкалық  сәлемдеме, педагог-психолог А.К.Жалмуханова «Табиғат мінезі» атты психологиялық тренингін өткізді. Сонымен бірге бөбекжай тәрбиешісі Н.Н.Филимонова және қазақ тілі мұғалімі А.Ғ.Аккалиева «Ертегі әлеміндегі жануарлар» тақырыбында ұйымдастырылған оку қызметін өткізді.  Бұған қоса, бөбекжайдың педагог - психологі А.К.Жалмуханова арнайы топ балаларымен «Сиқырлы құм елі» атты жұмыс, логопед-мұғалім А.Х.Айтюрина «Мейірімге бөленген күшік» атты арнайы түзету топ баларымен жеке жұмыс ұйымдастырып, тәжірибелерімен бөлісті. Бұған қоса, №3 «Елочка» бөбекжай тәрбиешісі О.Ю.Шуругина «Научиться ребенку рисовать помогут основные нетрадиционные техники рисования», бөбекжай тәрбиешісі Л.В.Масеева  курс тыңдаушыларын қатыстыра отырып «Развитие речи по методике М.Монтессори» тақырыптарында шеберлік сыныпты шеберлікпен ұйымдастырды.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті. Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған №29 «Балауса» бөбекжайы директоры Г.Г.Кубалиеваға, және ұжымға институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.