Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды
01.02.2019 05:09

2019 жылдың 28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарының білім беру қызметіндегі STEAM-білім беру» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне, тәрбиешілеріне, компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәні мұғалімдеріне біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған.

Курстық оқу бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 31 қаңтар күні Орал қаласының №7 «Айналайын» бөбекжайында «Триз технологиялары тірі және өлі табиғатты зерттеуде мектеп жасына дейінгі балаларда жаратылыстану-ғылыми білімді қалыптастыру құралы» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.

КТС бағдарламасы бойынша бөбекжай директоры Б.Т Абдулова тыңдаушыларға «Бөбекжай тынысы» тақырыбында шолу жасап,  семинар бағдарламасымен таныстырды.

Бөбекжайдың музыка жетекшісі У.О.Маширова бөбекжайдан  музыкалық  сәлемдеме ұйымдастырып, педагог-психолог Ә.Б. Карабалина курс тыңдаушыларымен «Достық» атты психологиялық тренингін өткізді. Сонымен бірге бөбекжай тәрбиешілері  Ж.Н.Маширова «Қардың қасиеттері» және Г.Г.Кошпанова  «Қызықты қыс мезгілі» тақырыптарында  ұйымдастырылған оку қызметін өткізді.

Бөбекжай тәрбиешілері Г.Б. Нурпейсова,  Б.А. Машканова  курс тыңдаушыларын қатыстыра отырып «Дене шынықтыру жаттығуларында триз технологиясын қолданудың тиімділігі» және бөбекжай әдіскері Ж.К. Утегалиева, тәрбиеші А.Е. Кувашева «Мектепке дейінгі ұйымда триз технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері»  тақырыптарында шеберлік сыныпты шеберлікпен ұйымдастырды.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті. Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған №7 «Айналайын» бөбекжайы директоры Б.Т. және ұжымға институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.