Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Латын көрмесінде
20.12.2018 11:54

Фотогалерея

Үстіміздегі жылдың 20 желтоқсаны  күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» ұжымы Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Латын көрмесін» тамашалап қайтты. Институт қызметкерлері көрмеде жасақталған «Латын әліпбиіндегі балалар әдебиеті», «Латын әліпбиіндегі мектеп оқулықтары», «Латын әліпбиіндегі көркем әдебиет» бөлімдерінде қойылған оқулықтармен, кітаптармен танысты. Сонымен қатар 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып  келе жатқан қазіргі «Орал өңірі» газетінің  «Екпінді құрылыс» атауымен жарық көрген тігінділерін қарап, тамашалағандар көп болды.

«Көркем әдебиет» бөлімінде Мұхтар Әуезовтің, Б.Майлиннің шығармалары қойылған, сонымен қатар шетел әдебиеті өкілдерінің туындылары да көз тартады.

«Мектеп оқулықтары» бөлімінде 1928-1940 жылдар аралығында «Қазақ мемлекет баспасынан» және «Қазақ ұлт мәдениеті институтының баспасынан» жарық көрген әліппеден бастап, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, арифметика, химия, физика, адам анатомиясы мен физиологиясы, зоология   оқулықтары қамтылған.

«Өрлеу» ұжымының мамандары өз пәндері бойынша латын қарпімен жазылған оқулықтардың мазмұнымен танысып, жан-жақты зерделеп, әріптестерімен өз ойларын бөлісті.

«Баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімінің» қызметкерлерін «Екпінді құрылыс» газетінде жарияланған материалдар қызықтырды. Латын қарпімен жарық көрген сол кездің мақалаларын ұжым боп көз жүгіртіп оқып шықты.

Бүгінгі күні Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру шаралары қолға алынып жатқан кезеңде ұйымдастырылған «Латын көрмесіне» ұжым мүшелері оң баға берді.

 

Пікірлер 

 
0 #21 Маншук 2018-12-21 13:42 1940 жылдан бері 78 жыл өтті. Көрмеде 1929-1940 жылдар Қазақстан латын әліпбиіне көшірілгендегі көркем әдебиеттер, оқулықтар, газет,журналдар ды көріп, танысып, оларды тиімді пайдалану - басты жаңа бағдар болмақ.Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі ұйымдастырылған шараларыңызға көп рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #20 Елдос Сафуллин 2018-12-21 10:50 Кез келген кітаптағы мәтіндер түсінікті. Еш кідіріссіз оқи алдық. Осы көрмеден кейін жаңа әліппе ойламай-ақ, осы нұсқаны неге бейімдей қоймады екенбіз? - деген ой келді. Нәтижесінде 1928-1940 жылдары шыққан қаншама оқулық, көркем әдебиет, мерзімді басылымдардағы мол қазына қазіргі оқырманның игілігіне жарар еді. Дәйексөз жазу
 
 
0 #19 Елдос Сафуллин 2018-12-21 10:47 Елімізде 1928-1940 жылдары латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліппесі бізге ұнады. Әдістемелік басылымдарда 1936 жылдары шыққан математика бағытындағы мақалаларда ментальді арифметика элементтері бар екен. Институтымыздың бастауыш сыныптар бойынша тренерлері соны тауып алып, мазмұнын меңгеріп, өзара жаттығу есептерін шығарды. Дәйексөз жазу
 
 
0 #18 Елдос Набиоллаұлы 2018-12-20 16:37 Өркениетті елдің бақуатты тұрғындары өз қызығушылықтары на орай түрлі көрмелерді аралайды, эстетикалық ләззат алады. Бүгінгі күн біздің Өрлеу ұжымы үшін көрме аралаудан басталды. Бәрімізге аса ұнады. Ұйымдастырушы Тіл Басқармасы мен облыстық өлкетану мұражайына ризамыз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #17 Оразбай 2018-12-20 16:34 "Латын көрмесі" өте әсерлі болды. Ата бабаларымыз қандай оқулық, кітаптардан білім алғанын, қандай әдебиеттер оқығанына куә болдық. Дәйексөз жазу
 
 
0 #16 Батырбек 2018-12-20 16:32 Көрмеде латын әліпбиімен жарияланған көне қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын оқып көру қызықты әрі маңызды сәт болды. Дәйексөз жазу
 
 
0 #15 Gabbasova Bagdagýl 2018-12-20 16:27 Búgіngі kún óz erekshelіgіmen bastaldy… Batys Qazaqstan oblystyq tarıhı-ólketaný mýzeıі uıymdastyrǵan «Latyn kórmesіn» tamashalap, kóptegen aqparattar alyp, latyn álіpbıіnіń alǵashqy nusqasymen tanysýǵa múmkіndіk týdy. Kórmede kóptegen ádіstemelіk oqýlyqtar, gazet-jýrnaldar, balalarǵa arnalǵan kіtapshalar qoıylǵan eken. Ásіrese álіppe oqýlyǵyndaǵy árіpterdіń jazbasha nusqasyna qyzyǵýshylyq tanytyp, fotoǵa túsіrіp aldym. Mýzeı ujymyna rızashylyǵymyz sheksіz. Shyǵarmashylyq shabyt tіleımіn! Дәйексөз жазу
 
 
0 #14 Айгуль Нурланбаева 2018-12-20 16:26 Бүгінгі ұйымдастырылған "Латын көрмесі" өте әсерлі болды. Ата бабаларымыз қандай оқулық, кітаптардан білім алған, қандай әдебиеттер оқыған осыған куә болдық. Осы уақытқа дейін осыншама құнды материалдарды сақтап келген кісілерге алғысымыз шексіз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #13 Jýmagalıeva Dınara 2018-12-20 16:25 Batys Qazaqstan oblystyq tarıhı-ólketaný mýzeıіnde uıymdastyrylǵan «Latyn kórmesі» maǵan qatty unady. Menі qyzyqtyrǵan 30-shy jyldary qoldanysta bolǵan ÁLIPPENI zerdelep shyqtym, balalarǵa arnalǵan taqpaqtardy árіptestermen bіrge qosylyp daýystap oqydym. Óte qundy maqalalardy "Aýyl muǵalіmі" atty ádіstemelіk jýrnaldan oqydym, bul jýrnaldań alǵan málіmetterdі barsha pedagogterge taratý maqsatynda maqala jazý oıym bar. Дәйексөз жазу
 
 
0 #12 Серік Қуанышұлы 2018-12-20 16:24 Выставка мне очень понравился Дәйексөз жазу
 
 
0 #11 Тимур Қайырғалиұлы 2018-12-20 16:23 Көрмеден алған әсеріміз оте жогары Дәйексөз жазу
 
 
0 #10 Батырғали Қалекешұлы 2018-12-20 16:23 Бүгін облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып Латын әліпбиіндегі оқулықтармен, әдеби шығармалар,ерте гілер, балалар әдебиеті, газет материалдары,жу рналдармен танысып жақсы мәліметтер алдық.Латын қарпімен жазылған әліппе оқулығы өте ықшам, тілі ұғынуға жеңіл жинақталып шығарылған екен.Маған 1938 жылғы Әліппедегі латын қаріптері ұнады. Жалпы мұражайға ұйымдастырылған бұл көрмеден біршама жақсы мағұламаттар алдық. Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Раиса Серікқалиқызы 2018-12-20 16:19 Көрмеге көңіліміз толды. Жақсы әсер алдым!Әсіресе балалар әдебиеті ұнады. Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Дания Амангелдіқызы 2018-12-20 16:19 Латын көрмесінен жақсы әсер алдым. Көрме ұнады Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Жанбота Оспанқызы 2018-12-20 16:18 Көрмеде латын әліпбиімен жарияланған көне жәдігерлермен таныстық. Мен үшін"Әдебиет майданы" журналында жарияланған қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын оқып көру қызықты әрі маңызды сәт болды. Ұжыммен көрмеге баруды ұйымдастырған институт әкімшілігіне рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Бақытжан Ыдырысұлы 2018-12-20 16:18 Латын әліпби көрмесіне барып латынша ескіше нұсқасымен таныстық.Жақсы әсерлер алдық.Өз басым латын әліпбиге ауысуды қолдаймын.Ата-бабаларымыз қолданған. Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Г. Толқын 2018-12-20 16:16 "Өлкетану" музейіндегі латын көрмесі заман талабына сай ұйымдастырылған . Латын әріптерінде жазылған әртүрлі оқулықтар, газеттерді көріп, бекітілген әліпбиімен жарыса оқып көрдік. Әсіресе мені қызықтырған "Екпінді құрылыс" газеті. Бұнда газет түбелдей латын әліпбиімен құрастырған. Тақырыптары жазылған мақалалардың мазмұнын ашып тұр. Елбасы өзінің кезекті Жолдауында да 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге дайындық жұмыстары жүргізілсін деп айтқан болатын. Осындай шаралар жыл бойы жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныс айтқым келеді. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Azirbay 2018-12-20 16:16 Бүгін біз ғасыр бұрын жарық көрген Латын әліпбиіндегі әдебиеттерді қолмен ұстап, көзбен көріп ғасырлар қойнауында саяхатта болдық. Көрме керемет әсер қалдырды!!! Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Айша 2018-12-20 16:16 Бүгін ұжыммен бірге "Латын көрмесінен" алған әсерім мол. Көрме бірнеше бөлімдерге жіктелген. Латынша жазылған кітаптарды әріптестеріміз жарыса, қызығушылықпен оқи бастады. Өзіме "Қараш Қараш" оқиғасы, Қазақ әдебиетінің классиктері Сұлтан Махмұт Торайғырұлының, Бейімбет Майлинннің кітаптарының латын қарпіндегі нұсқасы жақсы әсер қалдырды. Сонымен қатар, "Ана даусы" деген өлеңдер жинағынан (өзім оқып түсінгенімше) үзінді ұсынамын:
ӨЛЕҢНІҢ ӨРГЕН ӨРІМІН,
ҚАУСЫРМА ЖАҚ ҚЫЗЫЛ ТІЛ.
КЕУДЕДЕ ЖҮРЕК ТЕБРЕНСЕ,
ТӨГІЛЕДІ ЖЫР КЕРНЕСЕ.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Айымжан 2018-12-20 16:15 Латын әліббиіне көшу -қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Бұл үлкен бастама осы бастамаға үлес қосқан БҚО тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін.Көрмеден 1928-1940 ж.ж.латын тілінде жазылған бірнеше кітаптарды тамашаладық,оқы п қарадық керемет әсерде болдым. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Рысханым 2018-12-20 16:15 Латын көрмесіндегі 1928-1940 жылдар аралығында жарық көрген оқулықтармен, кітаптармен жан-жақты танысып шықтым, әсіресе "Екпінді құрылыс" газетінің тігінділері қызығушылығымды арттырды.
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге бағытталған шаралар аясындағы көрме жұмысына алғысымызды білдіреміз!
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.