Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Құрметті әріптестер!
08.11.2018 09:44

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Сіздерді 2018 жылдың 29 қараша күні өтетін «Педагогикалық үдерісте «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемелік аспектілері» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар жұмысына қатысуға шақырады.

Семинар жұмысының бағыттары:

-  Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жасақталған «Туған жер» бағдарламасының ерекшеліктері;

-         Оқу үдерісінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру;

-         Тәрбие үдерісінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру.

Семинардың жұмыс тілдері: қазақша, орысша. Семинарға барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.

2018 жылдың 15 қарашаға дейін семинарға қатысушы үміткер Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электрондық поштаға жұмысын ұсынады. Семинарға келесі жұмыс түрлерінің бірін ұсынуға болады: мақала, сабақтың қысқа мерзімді жоспары (ҚМЖ) аннотациясымен, тәрбие сағатының/шараның сценарийі аннотациясымен. Аннотацияда педагогикалық үдерісте «Туған Жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз қызметі туралы ақпарат беруі қажет. Аннотация көлемі 500 сөзден кем болмау керек.

Аннотация үлгісі

Өз тәжірибемде жүйелі түрде өлкетану бағыттанда сабақтарды өткіземін. .......

…………………………………………………………………………………………………………………..

«Туған Жер» бағдарламасы бойынша сыныпта ...... ………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………….

Ұсынылған сабақ/шара  .............................................................................бағытталған.

……………………..……………………………………………………………………………………………

 

Семинардың қорытындысы бойынша филиал сайтында http://www.zkoipk.kz/kz/c2018.html ресурстық материал жасақталады. Әр қатысушыға «Қатысушы куәлігі», баяндамашыларға «Алғыс хат» беріледі.

Ақпарттық хат http://zkoipk.kz/ru/c2018.html сайтында.

Байланыс телефон: 87478874988 Динара Шынболатовна Жумагалиева

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.