Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды
12.10.2018 09:34

2018 жылдың 8-12 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш сынып пәндерін оқыту әдістемесі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған білім жетілдіру курсы өткізілуде.

Қурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 24 педагогі қатысуда.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 10 қазан  күні Орал қаласының 36 мектебінде «Оқу мақсаттарына қол жеткізудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында өткізілген көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында тыңдаушылар үш  ашық сабаққа қатысты.

КТС бағдарламасы бойынша мектеп психологі К.Н.Губашев «Құндылықтар әлемі» тренингін өткізді. Г.А.Макаримова,А.А.Жайманова, А.А.Абдирова (қазақ тілі, жаратылыстану, дүниетану) пәндері бойынша «Құндылықтар. Мәтін» тақырыбында кіріккен сабақ  көрсетті. Е.С.Галимов көркем еңбек пәні бойынша «Досыңа арналған сыйлық» тақырыбында, М.Н.Бисемалиев дене шынықтыру пәні бойынша «Спрорттық ойындар» тақырыбында ашық сабақтар көрсетсе, А.Т.Каипова «Оқытудағы саралау мен бағалаудың тиімділігі» тақырыбында, М.М.Карина «Математика пәнінен оқу мақсаттарына қол жеткізудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында шебер-сыныптар көрсетті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған № 36 мектеп директоры А.З.Губашеваға және ұжымға институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.