Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды
22.06.2018 15:04

2018 жылдың 18-29 маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Қурсқа облыстың мектепке дейінгі ұйымдардың 26 тәрбиешілері қатысуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған. КТС мақсаты мен міндеттері: Ерте балалық шақ – туғаннан бастап үш жасқа дейінгі кезең адам өмірінің ерекше сәті. Баланың денесі, ақыл-ойы, адамгершілік дамуының негізі қаланатын дәл осы жаста ересектердің балаларға беретін тәрбиесі мен білімі мазмұнды және ол балаға тікелей әсер ететін болса, онда бала ағзасы барынша жылдам қарқынмен дамиды және оның жан – жақты дамыған жеке тұлғасы қалыптасады.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 22 маусым күні Орал қаласының №42 «Алтын сақа» бөбекжайында «Қатынас» білім беру саласын жүзеге асырудағы ғылыми-педагогикалық амалдар. 1.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дамуы мен коммуникативтік қабілеттерінің МЖМББС-ға сәйкес дамуы. 2.Мектеп жасына дейінгі балалардың ерте тілдік дамуында М.Монтессоридің, С.Лупанның, Г.Доманның, Н.Зайцевтің, В.Воскобовичтің амалдарын қолдану. 3.Мектеп жасына дейінгі балалар ұйымының көптілді ортасында білім беру үдерісін ұйымдастыру және жүзеге асыру (Ховарди жүйесі, Ж.Китайгородскийдің тілдік ортаға кіру әдісі). 4.Командалық оқыту жағдайында тілді дамыту бойынша оқу сабағын жобалау» тақырыбында өткізілген көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында ұйымдастырылған оқу қызметіне, қойылым, ойындарға курс тыңдаушылары белсене қатысты.

КТС бағдарламасы бойынша аталған бөбекжайдың директоры А.Т.Мамаева бөбекжайда жүргізілетін жұмыс түрлеріне шолу жасап, музыка жетекшісі Ж.Ермекқызы «Сазды сәлемдеме», әдіскер К.К.Бишаева «Бауырсақ» тренингін педагогтармен өткізді. Сонымен қатар К.К.Умралиеваның «Бал арасы Майя мен саяхат» ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне, А.У.Умурзакованың, Ж.К.Даулетиярованың «Балабақшада М.Монтессори, Г.Доман, В. Воскобовичтің технологияларын  қолданудың маңызы»; Д.Е.Хайрушеваның «М.Монтессори, С.Лукпанның технологиясы арқылы балалардың музыкалық есту қабілеттерін дамыту» тақырыптарында шеберлік сыныптарына қатысып, жүргізілетін ұжымның әдістемелік жұмыстарымен танысты

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті, ұйымдастырған №42 «Алтын сақа» бөбекжайының директоры А.Т.Мамаеваға институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікірлер 

 
0 #14 Куанова Ж. А. 2018-07-03 23:27 Семинар жаксы денгей де отти максатына жетти Дәйексөз жазу
 
 
0 #13 Уригалиева З.А. 2018-06-28 13:29 семинар өте жоғары деғгейде өтті.Ұжымға шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #12 Акпанова Д.М. 2018-06-28 13:26 семинар өте жоғары деңгейде өтті. Аларымыз қөп болды деп ойлаймын. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. биіктерден көріне беріңіздер. Дәйексөз жазу
 
 
0 #11 кабдолва талапканым 2018-06-28 13:24 алтын сақа бөбекжайы"ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша өз білімдерін шындап,жақсы əсңрде болдық осындай əрптестерміз бик шындардан көріне берсін Дәйексөз жазу
 
 
0 #10 Кубаева Г.А 2018-06-28 13:24 №42 "Алтын сақа "бөбекжайының тәрбиешілері қызметтерін жоғары деңгейде өткізді.Әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Альжанова Б.О 2018-06-28 13:22 №42 Алтын сақа бөбекжайының ұжымына ең бірінші шығармашылық табыс тілеймін.Өткізілген семинар өте жақсы көңілімнен шықты.Бәріне сәттілік. Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Сарсенғалиева Т Т 2018-06-28 13:20 №42 Алтын сақа бөбекжайында өткізілген семинар өте жақсы ұйымдастырылған . Әріптестерімізг е шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Кенжкгалиева.Э.К. 2018-06-28 13:19 Алтын сака бобекжай ужымы биктерден корине бериниз жетер жетистиктериниз коп болсын Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Сулеймнова Б Қаратөб 2018-06-28 13:18 Алтын сақа бөбекжайында өткізілген семинардан көптеген малиметтер алдым. музыка аспатарымен откизилген шеберлік сыныптан жаксы асер алдым. балавбақша ұжымына табыс тилеймін. Дәйексөз жазу Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Куанова Ж. А 2018-06-28 13:18 .N Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Даулетова .Д.Орал 2018-06-28 13:18 Алтын сақа бөбекжайында өткізілген семинардан көптеген малиметтер алдым. музыка аспатарымен откизилген шеберлік сыныптан жаксы асер алдым. балавбақша ұжымына табыс тилеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Темиргалиева Сандеш 2018-06-28 13:18 Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті, ұйымдастырған №42 «Алтын сақа бөбекжайына үлкен алғыс білдіремін.өзімізге жақсы тəжірибе жинадық. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Кылышбаев Бактияр 2018-06-28 13:17 Балабакша ужымына шыгармашылык табыс тилеймин оте жаксы семинар болды. Ойымызга аларымыз коп болды. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Даулетова .Д.Орал 2018-06-28 13:15 Алтын сақа бөбекжайында өткізілген семинар өте жақсы деңгейде өтті.Шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу