Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Робот техникасы негіздері» тақырыбындағы оқыту семинары өткізілді
22.06.2018 11:11

2018 жылдың 31 мамырында  Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж базасында «Робот техникасы негіздері» тақырыбында 8 сағаттық ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға аталған колледжден  28 оқытушы қатысты.

Семинардың мақсаты: Колледж оқытушыларының робот техникасы негіздері бойынша ақпараттық және техникалық сауаттылықтарын қалыптастыру.  Ақылы семинарда  тыңдаушыларға Lego және Arduino модульдері бойынша сипаттама берілді. Бұл тақырыптар бойынша тыңдаушылар дәріс тыңдап, тренинг және практикалық жұмыстар жасады. Семинар қорытындыланып, барлық қатысушылар сертификатталды. Семинар өту сәтінен фотолар, тыңдаушылардың тізімі, шараның бағдарламасы институт сайтының (www.zkoipk.kz ) «Ақылы семинарлар» бөліміне орналасты.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.