Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Мектепке дейінгі ұйымдардың психологтері көшпелі тәжірибелі сабақтарға қатысты
21.06.2018 10:01

2018 жылдың 11-22  маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың психологтерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

Қурсқа облыстың мектепке дейінгі ұйымдардың 26 психологі қатысуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған. КТС  мақсаты мен міндеттері:

  • Ерекше білім беруді қажет (ЕББҚ) ететін балалардың білім беру кеңістігіне қосылуының жағдайын тәжірибеде көрсету;
  • ЕББҚ бар балаларға жеке амалдар қолданылған мамандардың шеберлік  сыныптарына қатысу;
  • Инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша іс-тәжірибе алмасу.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 20 маусым күні Орал қаласының № 45 «Нұрсәт» бөбекжайында «Психокоррекциялық жұмыстың мазмұны мен әдістері» тақырыбында  өткізілген  көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін жеке сабақтарға  курс тыңдаушылары қатысты. КТС бағдарламасы бойынша аталған бөбекжайдың директоры Ш.А.Сагынгалиева ұжымның инклюзивті білім беру жүзеге асыру бойынша шолу жасап, педагог-психолог С.Д.Бахитова «Сағат достар» тренингі өткізді. Сонымен қатар І санатты тәрбиеші С.М.Кубаеваның «Төрт түлігім-ырысым» жеке ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне, дене шынықтыру нұсқаушысы З.Т.Тұрекештің «Спорт әлеміндегі бауырсақ» оқу қызметі, І санатты тәрбиеші Г.А.Кубиеваның «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды зияткерлік ойынына және жоғары санатты әдіскер Н.А.Ешмуханбетованың «Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ерекше білімді қажет ететін балаларды тәрбиелеу» ағартушылық шараларына қатысып, ЕББҚ бар балалармен жүргізілетін ұжымның әдістемелік және командалық жұмыстарымен танысты. Психолог, логопед, дефектолог кабинеттерінің әдістемелік-материалдық жабдықталуымен танысты.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған № 45 «Нұрсәт» бөбекжайы директоры Ш.А.Сағынғалиеваға  институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікірлер 

 
0 #21 Захирам 2018-07-30 19:06 Сəлеметсіздерма алматының қай жерінде өрлеу жобасы туралы курстар бар мен бастауыш сыныпты оқыту колледжін бітіргеніме 10 жыл болып кетті 2 апталық курс оқып сертификат алу керек адресін тапай журмін? Дәйексөз жазу
 
 
0 #20 Дəулетова Лəззат 2018-06-21 13:53 Курстан балабақша психологының қызметіне қатысты көптеген тәжірие ақпараттар алдым Курс маған ұнады Дәйексөз жазу
 
 
0 #19 Жанна Боранбаевна 2018-06-21 13:50 Семинардан өз қоржыныма қажетті мағұлматтар алдым. Дәйексөз жазу
 
 
0 #18 Карабалина Ə.Б. 2018-06-21 13:49 Семинар керемет өтті.Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін мамандар өз жұмыстарын жоғары деңгейде көрсетті. Дәйексөз жазу
 
 
0 #17 Кайреденова Актоты 2018-06-21 13:47 Семинар керемет ұйымдастырылған .№45 «Нұрсәт» бөбекжайының педагогикалық ұжымына алғыс білдіремін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #16 Серажова Айнагүл 2018-06-21 13:47 Ерекше білімді қажет ететін балалармен жүргізілген жұмыстар жоғарғы деңгейде өтті Дәйексөз жазу
 
 
0 #15 Дəулетова Лəззат 2018-06-21 13:45 Кеше *Нұрсəт* балабақшасындағ ы өткен семинардан өзіме қатысты көптеген мәліметтер алдым Балабақша өте үлкен əдемі екен Дәйексөз жазу
 
 
0 #14 Жанар Қажияқпар 2018-06-21 13:44 Семинар жан-жақты ұйымдастырылған . Жаңа технологиялар таныстырылды.Нұрсат ұжымына алғысым шексіз.Ұжымдық жұмыс көрініп тұр.Осы семинарға қатысуға мүмкіндік жасаған ИПК Өрлеу орталығына және куратормыз Қ Шамуратовнаға үлкен Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #13 Ляззат Маратовна 2018-06-21 13:44 Семинар жаксы ұйымдастырылған . Балабақшада мамандардың жұмыстары толық жумыстанып жаткандарын корсетилди. Жоғары деңгейде откизилди. Дәйексөз жазу
 
 
0 #12 Утегенова Лаура 2018-06-21 13:43 Семинар өте əсерлі өтті.Өзіме көп мағлұмат алдым.Командалық жұмыс ұнады.Нұрсəт ұжымына алғысымыз шексіз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #11 Миргалиева Райхан 2018-06-21 13:43 Бөбекжайда өткен ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыстың Ұйымдастырылуы, жалпы семинар барысы жоғары болды. Дәйексөз жазу
 
 
0 #10 Самга Аскаровна 2018-06-21 13:42 Инновациялық технологияларды қолдау арқылы ерекше білімді қажет ететін балаларды тәрбиелеу атты семинар өте әсерлі,жоғарғы деңгейде өткізілді. Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Арыстанова Дәметкен 2018-06-21 13:42 "Не?Қайда?Қашан" интеллектуалды ойын ұнады Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Əсел Аманкулова 2018-06-21 13:41 Керемет көшпелі тақырыпты семинар болып өтті. Өзіме көптеген пайдалы дүние алдым. Тəжірибелі педагогтардың жұмыстарын көріп,өз жұмысыма да үлкен құлшыныспен кірісемін деген оймен оралдым. Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Нургалиева А.А. 2018-06-21 13:41 Инклюзия бағытында өткен əрбір шараның мен үшін орны ерекше. Қазіргі кезде қоғамда қолданылып жүрген бұл ұғым өте үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен мамандардың ұжымдық жұмысын жəне ата аналармен де жұмыс жүргізу керектігін осы семинарда "Нұрсəт" бөбекжайының ұжымы көрсетті. Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Карашауова Маржан 2018-06-21 13:40 Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған семинар өте жоғарғы деңгейде өтті. Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Айсулу Нуртазиева 2018-06-21 13:40 сабақтары жаксы өтті,мүмкіндігі шектеулі балаларға жақсы инклюзивті көмек көрсетіледі Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Айдана 2018-06-21 13:40 20 маусым күні № 45 «Нұрсәт» бөбекжайында өткізілген КТС-қа ени. Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін жеке оқу қызметтерін, курс тыңдаушыларымен ұйымдастырылған тренинг, интеллектуалдық зияткерлік ойынға қатыстық. КТС -тан өзіме қажетті тәжірибе алдым Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Иса Эльвира А. 2018-06-21 13:39 Өте жақсы әсер алдым. Өзіме Игры для Тигры" деген логопед мамандарға арналған бағдарламамен таныстым. Инклюзивті кабинетте ерекше білім беруді қажет ететін балалармен практика жүзінде қалай жұмыстануға болатынын көрсетті. "Сиқырлы стакан" деген құрал ұнады. Логикалық ойындар қызықты болды. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Жақсы өтті семинар 2018-06-21 13:38 Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Асия 2018-06-21 13:37 Сабактары өте ұнады. Не? Қайда? Қашан ? Интеллектуалды зияткерлік ойын өте ұнады. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.