Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Мәскеу үшін шайқас» повесті бойынша ұжымдық оқу шарасы
31.05.2018 18:21

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» кітапхана бөлімі “Бірге оқимыз” жобасының кезекті оқылымына Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының батыры “Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романын ұсынған болатынбыз . Бұл шығармада қанды соғыстың қатігез бейнесі шынайы бейнеленген. Кейінгі ұрпаққа жеңістің таңын атқызып, бейбіт күн сыйлаған қазақ жауынгерлерінің ерлігімен тағы бір мәрте танысып, ерлікке тағзым ету үшін, бұл шараны ұжыммен қаламыздың «Мәңгілік алау» Ұлы Отан соғысының батырларына арналған аллеясы маңында өткізген болатынбыз.

 

Пікірлер 

 
0 #8 CharlesHOM 2018-07-10 07:11 какая лазерная коррекция зрения - после операции катаракты, лазерная коррекция lasik Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Динара Жумагалиева 2018-06-04 18:03 "Бірге оқимыз" жобасының кезекті отырысы ерекше форматында ұыймдастырылған екен. Бауыржан Момышұлының "Москва үшін шайқас" романын талқылауы «Мәңгілік алау» аллеясында өткізілгені - тамаша идея. Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Маншук 2018-06-01 12:30 Қазақтың көрнекті жазушысы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезеңін жақсы жан-тәнімен сезініп бейнелелеген әріптестеріме, өз үлестеріңізді қосып ұйымдастырған өнеге шараларыңызға рахмет! Жаңа ойларыңыз тек табысқа жетелей берсін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Аскербек Турланович 2018-06-01 10:18 Әсерлі шара болды деп ойлаймын. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #4 Махметова Айша 2018-05-31 20:55 Бауыржан Момышұлының "Москва үшін шайқас" романын әріптестеріміз өздеріне берілген бөлімдерін әрқайсысы әсерлі түрде баяндап берді. Автор өзінің шығармасында кейіпкерлерді, табиғатты өте әдемі суреттеп баяндайды. Бұл романды оқу кезінде автордың суреттеуі бойынша шын мәнінде сол оқиғаның ішінде жүргендей сезінесің. Өте керемет туынды. Барлық оқырманға осы романды оқып шығуға ұсынамын. Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерінің қосқан үлесі зор екендігіне тағы мәрте көз жеткізуге болады. Стратег, өзіндік тактикасы бар, тез арада оң, ұтқыр шешім қабылдайтын Бауыржан Момышұлының рухына тағзым етеміз. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #3 Рысханым Қуанаева 2018-05-31 20:12 Дәстүрлі шараның өзгеше формада табиғат аясында өткені жаңашылдыққа жаны құмар ұжымның тағы бір ерекшелікті көрсеткені. Тамаша туындыны табиғат аясында талдағаныңыз есте қалар сəт болған шығар, əріптестеріме жаңалықтың жаршысы бола беріңіздер дегім келеді Дәйексөз жазу
 
 
+1 #2 Индира Бадакова 2018-05-31 19:23 Дəстүрлі түрде институт кітапханасында өткізілетін "Бірге оқимыз" жобасының кезекті кітабын талдау табиғат аясында оздырылды. "Мəңгілік алау" аллеясы жанында батыр бабаның ерлігі бейнеленген əдеби туындыны ұжым мүшелері тамаша əңгімеледі. Таза ауа, жасыл желекті Жайық жағасында осындай шараны өткізуге мұрындық болған Елдос Набиоллаұлына көп рахмет. Рухани тұрғыда əсерлі шара болды. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #1 Елдос Набиоллаұлы 2018-05-31 18:49 Кітаптың 4 бөлімін 4 түрлі жерде орын ауыстыра талқылап, аспан астында тамаша сұхбат құрдық.
Күннің салқындығы болмаса, таза ауадағы серуен - көңіл-күйімізді көтеріп, денсаулығымызды нығайтты деп санаймыз.
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу