Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды
17.05.2018 14:07

2018 жылдың 16 мамырында  мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлеріне арналған біліктілікті арттыру курс аясында Орал қаласының №44 «Мерей» бөбекжайы базасында көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды.

«Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне, тәрбиешілеріне арналған  біліктілікті арттыру курсы аясында білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша іс-тәжірибелік сабақ көрсетілді.

Курс тыңдаушылары аталмыш бөбекжайдың тәрбиешілері мен пәндік қызметкерлері: ағылшын тілі пәні мұғалімі    Шарипкалиева Камшат Сабыргалиевна   «Бақ және бақшада- В саду- In the garden», тәрбиешілер Казиева Махаббат Науқанқызы,  Муканова Айжан Ержанқызы «Қасқыр мен жеті лақ»,  компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің мұғалімі  Алигазиева Айгул Калиматовна «Жаңа иновациялық идея аясында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған түрлі қозғалмалы конструкторлармен таныстыру» тақырыптарында оқу қызметтерін тамашалады.

Сабақтар әдістемелік жағынан өте жоғары деңгейде өтті. Тыңдаушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша теория мен практиканың ұштасқанын, үш тілділік, АКТ құрылғылар арқылы интерактивті әдіс-тәсілдер қолданылған сабақты көрді.

Сонымен қатар №44 бөбекжайының директоры Исказиева Акшай Макуповна ұйымдастырылған оқу қызметтері мен  қатар инклюзивтік топтардағы немесе балаларға компьютерлік сауаттылықты үйретудегі робототехника қосымша оқу қызметіндегі кіріктірілген жұмыстарымен таныстырып, демонстрациялық түрде көрсетті.

Ұжым педагогтері әріптестеріне тәжірибелік кеңестерін беріп,  оқу материалына қажетті ресурстарымен бөлісті.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Байкатова Кумыс 2018-05-21 08:07 Отрадно читать и наблюдать, что обновление содержания образования началось и в дошкольных организациях образования. Системно-деятельностный подход, а именно обучение через практику и вовлечение всех в активную работу, показан на практических занятиях. Желаю коллегам успехов во всех начинаниях. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.