Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Информатика пәні бойынша Blended learning (аралас оқыту) форматында біліктілікті арттыру курсына арналған білім контенті әзірленуде
25.04.2018 11:17

2018 жылдың наурыз және мамыр айлары аралығында «Өрлеу» БАҰО тапсырмасымен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында Blended learning форматына арналған білім контенті жасақталуда.

Наурыз айында қазақ тілінде курсқа кіріспе, нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық, мазмұндық, технологиялық және вариативтік модульдерінің әрбіреуіне жалпы шолу мақсатында сценарийлер құрылды (әзірлеуші кафедра меңгерушісі Дандибаев А.Т). Сценарийлердің мағыналық құрылымын Қуанаева Р.С. тексеріп, өзгерістерін енгізді.

Сценарийлерді орыс тіліне аударуға ИТжҒЖ(Г)ПОӘ кафедрасының аға оқытушылары Абдрахманова А.Ж., Нургазинова М.К., Мурзабулатов М.Т., Әбитова С.Қ., Хайруллина А.Б., зертханашы Жуменова Ш.А және ДБО тренері Файзуллина С.Н. зор үлестерін қосты.

Осы сценарийлерді бейне және дыбыстау үшін МКДППҚ кафедрасының аға оқытушысы Байкатова К.И және кітапхана меңгерушісі Бадакова И.М. (спикерлер) Алматы қаласына іссапарға аттанды.

Сәуір айында әр модуль бойынша курстың дәрістері, презентациялары, тесттері, жоба және өзіндік жұмыстары орыс тілінде дайындалды. Бұл жұмыстарға да институт кафедраларының  және бөлім қызметкерлері (Дандибаев А.Т., Жумагалиева Д.Ш., Шагиров С.С., Накишев А.Н., Нурланбаева А.А, Абдрахманова А.Ж., Нургазинова М.К., Мурзабулатов М.Т., Хайруллина А.Б.,  Жуменова Ш.А, Мухашева А.Г., Сисекешова А.С.) жұмылдырылды.

Мамыр айында дәрістер, презентациялар,  тесттер, жоба мен өзіндік жұмыстарын және т.б. мәтіндік ақпараттарды қазақ тіліне аудару жоспарлануда.

Бұл жұмыстардың ұйымдастырылуына институт директоры  Измуханбетова С.С., директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Сафуллин Е.Н. қолдау көрсетуде. Ал, уақытында орындалуына ИДӘҚ ету бөлімінің басшысы Шагиров С.С. өз үлесін қосуда.

Blended learning (аралас оқыту) форматындағы біліктілікті арттыру курстары туралы толығырақ ақпаратты bl.orleu-edu.kz сайтынан ала аласыздар.

 

Пікірлер 

 
0 #10 Байкатова Кумыс 2018-05-21 08:17 Новый формат курсов Blended Learning - это новые возможности для учителей. Приятно чувствовать свою причастность к данному проекту. Мы попробовали себя в другой роли и еще раз убедились в том, что нет ничего невозможного. Постарались не подвести институт. Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Аскербек Турланович 2018-04-28 12:13 Әріптестермен модульдер бойынша орыс тіліндегі дәрістерге таныстырылымдар жасауды (02-05-18 күніне дейін) бастадық. Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Айгуль Нурланбаева 2018-04-27 15:16 Спикерлерге сәттілік, курстың мазмұнының жасақталуына жетекшілік еткен ИТжҒЖ(Г)ПОӘ кафедрасының қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Шамуратова Куралай 2018-04-26 10:40 ИТжҒЖ(Г)ПОӘ кафедрасының оқытушылары Blended learning форматындағы біліктілікті арттыру курсының мазмұнын жасақтауда командалық ауқымды жұмысты атқаруда. Сәттілік, шығармашылық тілейміз. Атсалысқан институт қызметкерлері жарайсыздар!!! Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Динара Жумагалиева 2018-04-26 09:45 Blended learning форматында өткізілетін курстың білім контентін жасақтау - өте ауқымды және жауапты жұмыс. Әріптестерге сәттілік тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Маншук Кенесовна 2018-04-25 18:23 Blended Learning форматындағы курстың сайтында модульдердің әрбір дәрісіне таныстырылым орналастырылған . Бұл дәрістерді тыңдаушылар өз беттерімен оқитын болғандықтан, сайтқа дәріске қосымша таныстырылым орналастырудың қажеттілігі жоқ деп ойлаймын. Әріптесім Әскербек Тұрланұлына сәттілік тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Хайруллина Айгуль 2018-04-25 18:16 Blended learning форматындағы біліктілікті арттыру курсының мазмұнын жасақтауға үлес қосу негізінде аралас оқытудың мәнін терең ұғынуға мүмкіндік болды. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Шолпан Жуменова 2018-04-25 18:15 «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктер ін дамыту» тақырыбында Blended learning форматында, Кумыс Ильясовна және Индира Маратовна телеарна жүргізушілеріні ң жұлдыздары! Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Аскербек Турланович 2018-04-25 17:31 Бұл жұмысқа араласқан барлық әріптестеріме рахмет айтамын! Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Елдос Набиоллаұлы 2018-04-25 17:30 Өте жақсы жаңалық
Осы курстың өткізілуі туралы да бізде жинақталған ұсыныстар бар. Әріптестеріміз пікірлерін жазса жақсы болар еді
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу