Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Мектеп кітапханашылары көшпелі тәжірибелі сабақтарға қатысты
13.04.2018 16:18

2018 жылдың 9-20 сәуірі аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі» тақырыбында мектептердің кітапханашыларының біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Қурсқа облыстың мектептерінен 25 кітапхана меңгерушілері қатысуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған. КТС  мақсаты мен міндеттері:

  • Мектеп кітапханасының инновациялық жобалармен жұмыстану жолдарынмен таныстыру;
  • Оқушылардың жобалау іс-әрекетінің үлгілерін көрсету;
  • Мектеп кітапханасы жұмыс жүйесі бойынша  іс-тәжірибе алмасу.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 12 сәуір күні Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде «Мектеп кітапханасының ақпараттық-білімдік ортасы» тақырыбында  өткізілді. Көшпелі тәжірибелік сабақтар жоспарына сәйкес мектеп директоры А.Д.Муканов шараны ашып, мектеп мұражайымен танысқаннан кейін «Мектеп кітапханасы тәжірибесінен» атты инновациялық жобалалармен кітапхана меңгерушісі А.Е.Мурзашева таныстырды. Бұл шара аясында «Букроссинг», «Бір ел-бір кітап», «Буктрейлер»,  «Ертегімен есейемін», «Кітап оқу терапиясы» жобаларының нәтижелерін, оқушылардың қысқаметражды фильмдерін  көрдік. Аққойқын Елеуқызы курс тыңдаушыларымен «Кітапхана жұмысын тиімді ұйымдастыру:жаңаша көзқарас» коучинг өткізді және «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологынан 8 сынып оқушылары қойылым қойды.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, рефлексия кезеңінде КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің директоры Алмас Джубаевич Мукановқа  және кітапхана меңгерушісі Аққойқын Елеуқызы Мурзашеваға институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікірлер 

 
0 #5 Динара Жумагалиева 2018-04-23 13:00 Дарынды балаларға арналған мамандандырылға н С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде жүйелі түрде балаларды кітап оқуға қызығушылықтары н артатын жобалары туралы бұрынан білем, міне енді аталмыш жобалар нәтижесінде оқушылар қысқаметражды фильмдер түсіретіндері туралы естіп таң қалдым. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Шамуратова Куралай 2018-04-20 17:46 Дарынды балаларға арналған мамандандырылға н С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде өткен КТС барысында командалық жүйелі жұмысты, кітапхана қызметіндегі инновацияны, тың жобаларды және олардың нәтижелерін көрдік. Оқушылардың қойған қойылымы әр өсіп келе жатқан тұлғаға рух берері сөзсіз. Курс тыңдаушылары кітапхана қызметі бойынша бағыт-бағдар, тың идеялар алды.
Педагогикалық ұжымға, мектеп басшысы Алмас Джубаевичке, тәжірибелі кітапханашы Аққойқын Елеуовнаға үлкен алғыс білдіре отырып, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Бибигуль Нурлановна 2018-04-20 10:49 2 жума окыган кезде турлы сабактар берген лекторларга коп рахмет.11 мектеп ужымына рахмет коп рахмет осындай тагы курс болса екен Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Алтын 2018-04-20 10:44 Курс бізге коптеген мағлұматтар алдық.тəжірибелермен алмастық.курс үйымдастырушыла рға рахметімізді айтамыз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Клара 2018-04-17 14:02 2018 жылы кітапханашылар курсы көптеген жаналықтарға толы болды. Ұжым мүшелеріне алғысым шексіз!!! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.