Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»
12.04.2018 16:35

Бүгін «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» -ның жұмыс тобы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне 1 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» кабинетінде бас қосып,  жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралады.

Директордың орынбасары Е.Н.Сафуллин Елбасы мақаласының басым бағыттарына тоқталып, мақала жарық көргеннен бері институтта «Рухани жаңғыруды өзіңнен баста!» - деген ұстаным аясында бірқатар шаралар жоспарланып, атқарылғандығына тоқталды. Отырыста өткен іс-шараларға баға беріліп, алда атқарылар жұмыстар топтастырылды.

 

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» кабинетінің жұмысы туралы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін маңызды құжат. Осы мақала аясында институтымызда «Рухани жаңғыру» кабинеті жасақталды. Жұмыс тобы құрылып, жыл бойы жоспар бойынша іс-шаралар атқарылды. «Өрлеу» басқармасының талабына сай институтымыздың қызметкерлері курстық және курсаралық шараларда Елбасы мақаласының басым бағыттарын облыс педагогтеріне кеңінен түсіндіруді басты назарда ұстайды. Атап айтқанда:

  • 77 қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарында 2049 тыңдаушыға міндетті дәрістер оқытылды.
  • Сондай-ақ циклограммамызға сай 53 семинар, 2 дөңгелек үстел, 1 онлайн конференция тәрізді курсаралық шараларымызда
    1445 педагог қамтылды.
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы игі бастамаларды насихаттау бағытында «Ұстаз» журналы, «Жайық ұстазы» газетінде «Рухани байлық», «Духовное возрождение», тәрізді айдарларымен облыс педагогтерінің 82 еңбегі жарық көрді.

«Рухани жаңғыруды өзіңнен баста!» - деген ізгі ұстанымның аясында       өз қызметкерлерімізге арналған шараларымыз да жеткілікті:

«Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана»,– деп Ұлт көшбасшысы атап көрсеткендей, ұлттық жаңғырудың ажырамас бөлігі әдеби-мәдени құндылықтарды қалыптастыруға үлес қосу мақсатында институт кітапханашылары «Бірге оқимыз!» жoбасын  2017 жылдың сәуір айынан бастап жүзеге асырып келеді. Ұжым мүшелерінің таңдауымен тарихтан сыр шертетін «Ақ боз үй», «Бір атаның балалары», «Ай мен Айша», «Шуақты күндер» тәрізді тағылымды шығармаларды оқып, талдауға 10 отырыс арналып, ұжымның 70%-і араласты. Сонымен қатар Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты тарихи-публицистика жанрындағы ғибратты кітабының таныстырылымы өтті.

«Туған жер» бағдарламасы аясында  институт ұжымы «Туған қаламызды таниық!» тақырыбында қаламыздағы ең көрікті Қалалық мәдениет және демалыс саябағында веложорық ұйымдастырып, «Хан тоғайына» саяхат жасап, туған жеріміздің тарихын тереңірек таныды.

Филиалымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қаламыздағы Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығымен тығыз байланыс орнатып, өңіріміздегі зиялы қауым өкілдерінің шығармашылығына арналған 16 мәдени шараға атсалысты.

Біздің жүрер жолымыз, болашағымыз айқын: Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетейік!

 

Пікірлер 

 
0 #4 Динара Жумагалиева 2018-04-23 13:06 «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы игі бастамаларды насихаттау бағытында «Ұстаз» журналы, «Жайық ұстазы» газетінде «Рухани байлық», «Духовное возрождение» тәрізді айдарларында облыс педагогтерінің 82 еңбегі жарық көргеніне өте қуаныштымын! Бұл педагог жұмыстарының басты нәтижесі деп ойлаймын. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Аскербек 2018-04-13 12:57 «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» кабинетінің жұмысына сәттілік тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Елдос Сафуллин 2018-04-13 10:30 Рухани жаңғыру бағытындағы шаралар барша мемлекетшіл азаматтарға ұнайды. Дегенмен бұл жұмыстарды жалаң ұранға айналдыруға әсте болмайды. Елбасының өзі тәрізді тұрақты, жүйелі қарқынды әрекеттен танбауымыз қажет.
Айтимэндерге тапсырма: Дайындалған видео мен шарада түскен фотоларды салыңыздар осында
Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Махметова Айша 2018-04-12 17:47 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қозғалған басым бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған өте құнды құжат болып табылады. Еліміздің аяғынан нық тұруы үшін басынан кешкен тарлан тарихын, бүгіні мен жарқын болашағын үйлесімді үйлестіретін ұлт жадының тұғырнамасы. Осы тұғырнамадан ауытқымай, елбасымыз ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік-биік шыңдарды бағындыруымыз қажет! Рухани жаңғыру – әр адамның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімінің өзгерісті қабылдай білуі. Яғни, рухани жаңғыруды әрбір адам өзінен бастауы тиіс. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.