Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Оқыту семинары өткізілді
07.04.2018 19:42

Орал Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің   сұранысы  негізінде  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастыруымен колледж базасында  2018 жылдың 7 сәуірінде «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақты жоспарлау мен  критериалды бағалау» тақырыбында «Музыкалық білім беру» мамандығы студенттеріне арналған ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға  Орал Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің 25 тыңдаушысы қатысты.

Тыңдаушылар жаңартылған мазмұндағы пән бағдарламасы мазмұнымен және құрылымымен танысты. Қолданыстағы бағдарламамен салыстырып, ерекшеліктерін анықтады, оқу мақсаттарының жүйесіне талдау жасады. Критериалды бағалаудың түрлері, соның ішінде қалыптастырушы бағалаудың оқу жетістігін жақсартудағы қызметіне тоқталды. Жаңартылған білім бағдарламасы аясында қысқа мерзімді сабақты жоспарлау және кері байланыс беру мен рефлексия туралы тәжірибелік тапсырмаларға белсенді қатысты.

Сонымен қатар  Smk.kz, zkoipk.kz сайттарындағы ресурстарды қалай пайдалану жөнінде ақпарат берілді.

 

Пікірлер 

 
0 #2 Бахтиярова Рысканым 2018-04-27 15:33 Ертеңгі мектеп мұғалімдерінің жаңартылған мазмұндағы пән бағдарламасымен , мазмұнымен және құрылымымен танысулары өте дұрыс болған екен. Қазақстанның білім саласындағы болып жатқан оң өзгерістеріне үлес қосар болашақ мамандарға бұл семинардың берері көп болғанына сенімдімін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Динара Жумагалиева 2018-04-23 13:24 Болашақ мамандарға «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау» тақырыбында семинар ұйымдастырылған ы маңызды болды деп есептеймін. Жастар, сәтті сапар! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.