Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Оқыту семинары өткізілді
31.03.2018 17:58

Орал Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің   сұранысы  негізінде  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастыруымен колледж базасында  2018 жылдың 31 наурызында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен  критериалды бағалау» тақырыбында «Музыкалық білім беру» мамандығы студенттеріне арналған ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға  Орал Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің   21 тыңдаушысы қатысты.

Тыңдаушылар жаңартылған мазмұндағы пән бағдарламасы мазмұнымен және құрылымымен танысты. Қолданыстағы бағдарламамен салыстырып, ерекшеліктерін анықтады, оқу мақсаттарының жүйесіне талдау жасады. Критериалды бағалаудың түрлері, соның ішінде қалыптастырушы бағалаудың оқу жетістігін жақсартудағы қызметіне тоқталды. Жаңартылған білім бағдарламасы аясында қысқа мерзімді сабақты жоспарлау және кері байланыс беру мен рефлексия туралы тәжірибелік тапсырмаларға белсенді қатысты.

Сонымен қатар  Smk.kz, zkoipk.kz сайттарындағы ресурстарды қалай пайдалану жөнінде ақпарат берілді.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Салтанат 2018-04-10 08:34 Оте керемет отти!Сол айтылган нарселерди болашакта тажирбие жузинде колданамыз.Жана багдарлама-оте жаксы,колайлы,т иiмди идея Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу