Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Биология, география және химия пәндері мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізілді
30.03.2018 09:58

2018 жылдың 30 наурызында облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебі аясында биология, география, химия пәні мұғалімдері үшін Облыстық білім беру басқарамасының әдістемелік кабинетімен бірге «Білім берудің жаңартылған мазмұны негізінде биология, география, химия пәнін оқытудың ерекшеліктері»  тақырыбында Орал қаласының №44 ЖОББМ базасында 8 сағаттық оқыту семинары өткізілді. Семинарды өткізуге ИТжҒЖ(Г)ПОӘ кафедрасының аға оқытушысы А.Б.Хайруллина, ИДӘҚЕ бөлімінің бас маманы А.М.Абишева тартылды.

Семинардың мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру дағдысын дамыту деп, ал міндеттері ретінде: жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісін жоспарлауда педагогикалық тәсілдерді қолдану дағдысын жетілдіру; критериалды бағалауды қолдану арқылы оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастырудың жолдарын талдау деп анықталды.

Семинарға БҚО жалпы орта білім беретін мектептерінің биология, география, химия пәндерінің мұғалімдері қатысты. Соның ішінде ауылдан – 15 (биология), 15 (география), 15 (химия); қаладан – 2 (биология), 2 (география), 2 (химия); облыстық метептерден – 2 (биология), 2 (география), 2 (химия) қатысты.

Семинар тыңдаушылары жаңартылған бағдарлама бойынша оқу үдерісіне енгізіліп отырған критериалды бағалау жүйесінің құрылымы мен мазмұнын, критериалды бағалаудың қағидаттарын, қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру жолдарымен танысты. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары беріліп, тапсырма қандай оқу мақсатына сәйкестігін анықтап және оның дескрипторларын құрастырды. Орындалған жұмыстарға кері байланыс беру дағдыларын қалыптастыру үшін қалыптастырушы бағалаудың бірнеше тәсілдері қолданылды. Мысалы, «Мадақтау сэндвичі», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», өзін-өзі, өзара бағалау тәсілдері мен «ВАК» кері байланыс парағын қолдану тәжірибеде көрсетілді. Кері байланыс берудің мақсаты оқушыда дұрыс пікір қалдыру, қай бағытта жұмыс атқаратынын қалай істесе дұрыс орындалатынын түсіну. Кері байланыстың мұғалімнен оқушыға және оқушыдан оқушыға қалай беруге болатынын жазылым мақсаттарына сәйкес тәжірибеде қолданып көрді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын дайындау барысында балл қою мен оқу мақсаттарын неліктен өзгертуге болмайтынын талқылады. Бағалауда қиындық туғызған жұмыстарды іріктеп алып модерация өткізудің қадамдарымен танысты. Критериалды бағалау бойынша құжаттарды smk.edu.kz сайтынан және zkoipk.kz  сайтынан (семинар материалдарынан) қажетті материалдарды жүктеп алуға болатындығы көрсетіліп айтылды.

 

Пікірлер 

 
0 #5 Динара Жумагалиева 2018-04-23 13:29 Мұғалімдерге осындай курсаралық шаралар өте қажет деп есептеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Динара Жумагалиева 2018-04-23 13:28 Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Хайруллина Айгуль 2018-04-02 11:03 Дәйексөз жазу Зулкашева Шынар:
Біздің әріптестеріміз курстан кейінгі шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысуда. Айгул Булатовна мен Алина Муратовнаның дәрістерінен мұғалімдер тың ақпарат алды деп ойлаймын. Білім беру ұйымдарымен серіктестігіміз нығая берсін.

Дәйексөз жазу Зулкашева Шынар:
Біздің әріптестеріміз курстан кейінгі шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысуда. Айгул Булатовна мен Алина Муратовнаның дәрістерінен мұғалімдер тың ақпарат алды деп ойлаймын. Білім беру ұйымдарымен серіктестігіміз нығая берсін.

Дәйексөз жазу Зулкашева Шынар:
Біздің әріптестеріміз курстан кейінгі шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысуда. Айгул Булатовна мен Алина Муратовнаның дәрістерінен мұғалімдер тың ақпарат алды деп ойлаймын. Білім беру ұйымдарымен серіктестігіміз нығая берсін.

Дәйексөз жазу Зулкашева Шынар:
Біздің әріптестеріміз курстан кейінгі шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысуда. Айгул Булатовна мен Алина Муратовнаның дәрістерінен мұғалімдер тың ақпарат алды деп ойлаймын. Білім беру ұйымдарымен серіктестігіміз нығая берсін.

Қолдау білдіргеніңізге үлкен рахмет!
Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Зулкашева Шынар 2018-04-01 12:24 Біздің әріптестеріміз курстан кейінгі шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысуда. Айгул Булатовна мен Алина Муратовнаның дәрістерінен мұғалімдер тың ақпарат алды деп ойлаймын. Білім беру ұйымдарымен серіктестігіміз нығая берсін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Кадыргалиева Арайлым 2018-03-30 15:44 Алина Мұратовна лекциясынан жаңартылған білім мазмұны бойынша толықтай мәліметтер берілді.Керігін өзімізге алдық үлкен рахмет. Шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу