Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Семинар-тренинг өткізілді
29.10.2015 10:20

2015 жылдың 29 қазан күні БҚО, Теректі ауданы, Шаған орта мектебінің базасында «2015-2016 оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша бастауыш сыныптардың оқу бағдарламаларын апробациялауда бірлескен жұмыстардың бағыттары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке филиал директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Е.Сафуллин, инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Д.Жумагалиева, ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Н.Дускалиев, мектеп директоры У.Муратова, директордың орынбасарлары Б.Джумагалиева, Е.Плотникова, Н.Уразалиева, С.Муратов, А.Жармуханов, бастауыш сыныптардың информатика, дене шынықтыру, технология және бейнелеу өнерінің мұғалімдері қатысты.

Семинар-тренинг барысында филиал өкілдері тірек мектептермен бірлескен жұмыс жоспарының негізгі пунктерін түсіндірді, филиалдың курстық және курсаралық шараларының жоспарымен таныстырды. Мектеп басшылығы бірінші сыныптарға жаңартылған оқу бағдарлаларын енгізу бойынша жұмыстарын ұсынды. Экспериментке төрт сынып қатысады: 70 оқушы, олардың ішінде  қазақ тілінде 56 оқушы, орыс тілінде 14 оқушы оқиды.

Семинар-тренингке қатысушылар тірек мектептермен бірлескен жұмыс жоспарындағы барлық шараларды талқылады; экспериментке қатысатын сыныптардың мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетудің міндеттерін анықтады.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.