Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жаңалықтар
«Білім беру кеңістігіне даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қосылуының жағдайы – кедергісіз білім беру ортасын құру» тақырыбында өткен көшпелі тәжірибелі сабақтар
21.09.2018 09:02

2018 жылдың 10-21 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің білім жетілдіру курсын өткізуде.

 
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын өткізуде
20.09.2018 10:01

2018 жылдың 17-21 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш білім беру пәндерін оқыту әдістемесі» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын өткізуде. Қурсқа облыстың мектептерінен 27 мұғалім қатысуда.

 
Филиалдың базалық мектептер жұмысына қатысуы
17.09.2018 09:19

2018 жылдың 12 қыркүйек күні Орал қ №46 ЖОББМ базасында қалалық «Озат тәжірибе мектебінің» алғашқы отырысы өтті. Отырысқа қала мектептерінің мұғалімдері, ҚӘК әдіскері Ф.Б.Галиева, «Өрлеу» БАҰО филиалы БҚО бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы, тренер, педагогика ғылымдарының магистрі Ш.М.Зулкашева қатысты.

 
«Кәсіби желілік қоғамдастық негізінде педагог көшбасшылығын дамыту» әдістемелік нұқсаулығы
15.09.2018 09:27

Біліктілікті арттыру жүйесінде мектеп мұғалімдерінің көшбасшылығын дамытуда қазіргі педагогикалық қауым арасында кең тараған кәсіби желілік қоғамдастықтардың ролі ерекше. Бұл жағдайда педагогтердің көшбасшылық икемділіктері дамып, кәсіби желілік қоғамдастық арқылы өзара тәлімгерлік ынтымақтастық негізде біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алады.

 
Современные тренды в сфере образования: опыт России и Казахстана
14.09.2018 08:40

Фотогалерея

13 сентября 2018 г. руководство филиала «Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» «Институт повышения квалификации педагогических работников по Западно-Казахстанской области» подписало соглашение о сотрудничестве с ОГАОУ ДПО «Белгородский институт развития образования» (г. Белгород, Российская Федерация). В рамках заключенного соглашения предполагается участие преподавателей филиала в научных мероприятиях, в частности в IV Международной научно-практической конференции «Современные образовательные ценности и обновление содержания образования», которая состоится 23-24 октября 2018 г. в городе Белгороде.

 
Жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеуге дайындау әдіс-тәсілдері
08.09.2018 09:10

«Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2018 жылдың 07 қыркүйек күні  математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика пәні мұғалімдерін «Педагогика, оқыту әдістемесі» блогы бойынша жаңа форматтағы біліктілік тестілеуге дайындау әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы 8 сағаттық ақылы оқыту семинары өтті.

 
Дефектолог, логопед, олигофренопедагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсы
06.09.2018 12:17

3-7.09.2018 ж.  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Қазақстан Республикасында арнайы (түзету) білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы қазақ және орыс тілінде дефектолог, логопед, сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстар өтті.

 
Әдістемелік семинар өтті
28.08.2018 11:26

27-28.08.2018 ж.  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинарлар өтті.

Фотогалерея

 
Батыс Қазақстан облысында кәсіподақ төрағалары мен арнайы білім беру ұйымдарының басшыларымен көшпелі – семинар ұйымдастырылды
27.08.2018 09:54

Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлері қызметінің негізгі мәселелері. Еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің ролі» тақырыбында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірлескен білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және кәсіподақ активіне арналған көшпелі семинар – кеңесі ұйымдастырылып өткізілді.

 
Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері көшпелі тәжірибелі сабақтарға қатысты.
24.08.2018 02:47

2018 жылдың 13-24 тамыз аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Қурсқа облыстың мектепке дейінгі ұйымдардың 26 тәрбиешісі қатысуда.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>