Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс тыңдаушыларының назарына!

Курс тыңдаушыларының міндеттері:

1. Шарт негізінде уақытылы қызмет көрсету төлемдерін жасау.

2. Білім, білік, практикалық дағдыны толық көлемде игеріп, барлық оқу түрлеріне қатысып, өзіндік және меже аралық бақылау жұмыстарын орындап, сынақтар мен емтихандарды тапсыру;

3. Орындаушы мүлкіне ұқыпты қарауға, залал келтірген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық мөлшерде оны өтеу;

4. Оқу тәртібі мен ортада ұстау қағидаларын сақтауға, Орындаушының ғылыми-педагогикалық, инженерлік-техникалық, әкімшілік-ұйымдастырушылық және өзге де қызметкерлерімен қатар, тыңдаушыларды сыйлауға тиіс.

5. Ұйымның ауызша немесе жазбаша сауалын алған уақыттан бастап, Курстарда оқудан өтуге қажетті құжаттарды Ұйымға уақытылы және толық көлемде беруге, сондай-ақ шынайы мәліметтерді ғана ұсыну;

6. Ішкі еңбек тәртіптемесінің және оқу үдерісін айқындайтын өзге құжаттар талаптарына сәйкес Курстарға уақытылы қатысуға, Ұйым белгілеген мерзім ішінде Бағдарламада көрсетілген тапсырмалардың барлық түрлерін орындау;

7. Ұйымның оқытушыларына, оқу-қосалқы және өзге де қызметкерлеріне, тыңдаушыларға сыпайылық пен құрмет көрсетуге, олардың ар-ожданы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеу;

8. Өзінің әрекеттерімен Ұйымға материалдық зиян келтірген жағдайда,  Қазақстан  Республикасы  заңнамасына  сәйкес келтірілген залалдың орнын өзінің есебінен уақтында толтыру;

9. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қиындататын жағдайлар туындаса, тиісті жағдайлар болған сәттен   бастап 3 жұмыс  күні  ішінде  растайтын  құжаттарды  ұсына  отырып, Шарттың  талаптарын  орындаудың  мүмкін  еместігі  туралы Ұйымды жазбаша түрде хабардар ету;

10. Оған Курстарда оқу барысында белгілі болған Ұйымның қызметімен байланысты құпия ақпаратты жарияламауға және Мекеменің келісімінсіз курстар бағдарламасының мазмұны мен ұйымдастырылуына байланысты мәліметті таратпау.

11. Ұйымның ішкі тәртіптемесінің қағидаларын сақтау.

12.  Тындаушының  Курстарда  білім  алуына  жұмсалған шығындарын келісімшарт тармақтары көзделген жағдайларда шартта қарастырылған мерзім ішінде қайтару міндеттенеді.

 

Курс тыңдаушылары құқықтары:

1.  «Өрлеу»  БАҰО  АҚ  филиалы  БҚО  ПҚБАИ  жасалған  шартта қарастырылған білім беру қызметі бойынша ақпарат алуға және қызметтің орындалуын талап етуге;

2. Оқу процесіне қатысты мәселелер бойынша институт қызметкерлеріне сұрақтар қоюға;

3. Курсты толық игеру үшін қажетті ақпаратты толық және шынайы көлемде алуға;

4. Оқу кестесіне сәйкес, дәріс алу барысында институт филиалының  мүлкін пайдалануға;

5. Шарттың талаптарына сәйкес Курстарда сапалы білім алуға;

6. Ұйымның ғылыми, әдістемелік және зерттеушілік қызметіне қатысуға;

7. Ұйымда бар кәсіби қызмет мәселелері бойынша нормативтік, нұсқаулық, оқу және оқу-әдістемелік құжаттаманы, сондай-ақ кітапхананы, ақпараттық қорды пайдалануға;

8. Дәлелді себептер бойынша ағымдық күнтізбелік жыл бойында растаушы құжаттарды тапсыру арқылы үзілген курсты жалғастыруға құқылы.