Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Сабақтың үздік контенті» облыстық байқауы мәресіне жетті. Байқау қорытындысы
08.11.2017 08:35

«Сабақтың үздік контенті» облыстық байқауы мәресіне жетті. Байқаудың қорытындысын төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар.

 
Курстық шаралар өткізілуде
06.11.2017 09:09

2017 жылдың 6 қараша күні 6 қысқамерзімді және 1 ақылы курс басталды.

 
Оралда республикалық семинар өтуде
03.11.2017 12:16

2017 жылдың  2-3  қарашасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан аға оқытушы Алипкалиева Гульфия Бекетқызы «Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбындағы республикалық семинарға қатысып,  «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру» тақырыпта баяндама оқыды.

 
Шетелдік тренерлер біздің филиалда
01.11.2017 17:47

1 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ шетелдік тренерлер Graham Watson және Robin Joseph Warner келді. Шетелдік тренерлер бір айға жуық уақыт «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативтік-тілдік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына сабақ береді.

 
Оқыту семинары өткізілді
01.11.2017 17:15

2017 жылдың 1 қарашасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастыруымен  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған «Білім беру мазмұнының жаңаруы негізінде критериалды бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері» тақырыбында ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға  29  оқытушы қатысты.

 
Курс аясында жылжымалы тәжірибелі сабақтар өтті
01.11.2017 13:42

2017 жылдың 23 қазан мен 3 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының психологтерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

 
Ғалыммен кездесу өтті
26.10.2017 13:25

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен «Философиялық бағыттағы жеке жалпы білім беретін мектебі» ынтымақтастығы аясында Ресей ғылым Академиясы шығыс қолжазбалары институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымының кандидаты Крапивина Раиса Николаевнамен кездесу өткізілді.

 
Оқыту семинары өтті
25.10.2017 18:19

2017 жылдың 25 қазанында  «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасындағы мазмұндық ерекшеліктер»  тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға  29  оқытушы қатысты.

 
«SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» республикалық байқауының IІІ облыстық кезеңі мәреге жетті
18.10.2017 14:40

Байқау беті

2017 жылдың 18 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, үздік педагогикалық тәжірибелерін қорыту және тарату мақсатында «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

 
Оқыту семинары өткізілді
18.10.2017 14:39

«Blended Learning режимінде «Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы оқыту семинары өткізіді.

Мақсаты: Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған аралас оқу (Blended Learning) режиміндегі педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының ұйымдастыру мәселелері және бағдарламасымен таныстыру.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>

10 - бет 41 - беттен