Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Семинар-кеңеске қатысты
28.03.2018 09:53

2018 жылдың 28 наурыз күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжымы «Жаңа ұлттық әліпби негізіндегі жазу реформасы: білім беру жүйесінде жүзеге асырудың проблемалары мен болашағы» тақырыбындағы республикалық онлайн семинар-кеңесіне қатысты.

 
Оқыту семинары өткізілді
19.03.2018 10:55

2018 жылдың 15-16 наурызында Қаратөбе ауданының Қаратөбе мектеп-гимназиясы базасында «Білім берудің жаңартылған мазмұны негізінде биология мен география пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында жаңартылған білім мазмұны бойынша ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға Қаратөбе ауданының биология, география пәндерінің 30 мұғалімі қатысты.

 
Оқыту семинары өткізілді
14.03.2018 15:32

Фотогалерея

2018 жылдың 14 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ базасындағы жабдықталған  М.Монтессори кабинетінде «М.Монтессори әдістемесі бойынша оқыту ерекшеліктері» тақырыбында 8 сағаттық оқыту семинары өтті. Семинарға аудан және қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері, мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері, педагог-психологтері, педагог-дефектологтері, барлығы 38 тыңдаушы қатысты.

 
Семинар-тренинг өткізілді
13.03.2018 08:31

2018 жылдың 13 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ базасында «BILIM MEDIA GROUP» ұйымдастыруымен «BilimLand ресурстары білім берудегі АКТ құралы ретінде» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Ресурс

Фотогалерея

 
Институттың 2018 жылға арналған оқу-әдістемелік бағытындағы жұмыстары
12.03.2018 09:01

Презентация

Ресурс

Жоспар

1. Курстық шаралар

2. Курсаралық шаралар

3. Кері байланыс

1. Курстық шаралар

Тікелей қызметіне байланысты институт әрекеті курстық шаралар деп аталады және 2018 жылы 221, 222 бюджеттік бағдарламалары аясында 3 түрлі курстарды ұйымдастыру жоспарланды:

 
Мастер класс өткізді
03.03.2018 09:45

2018 жылдың 2 наурызында  Батыс Қазақстан  инновациялық-технологиялық университетінде «Адами капиталды дамыту-Қазақстан қоғамын жаңғыртудың  негізі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді. Конференция аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Тиімді оқыту» бағдарламасының тренері, педагогика ғылымдарының магистірі А.М.Абишева «Оқу мен оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында мастер класс өткізді.

 
Көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды
02.03.2018 17:23

2018 жылдың 2 наурызында мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне арналған біліктілікті арттыру курс аясында Орал қаласының №46 «Ақжайық» бөбекжайы базасында көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды.

 
Семинар-тренениг өткізілді
02.03.2018 16:41

Тәжірибе алмасу аясында 2018 жылдың 1 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы А.Б.Хайруллина М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің оқытушыларына Педагогика факультетінің педагогика және психология кафедрасы ұйымдастыруымен «Дәріс жоғары мектептегі оқытудың негізгі формасы» тақырыбында семинар-тренениг өткізді.

 
Көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды
01.03.2018 13:20

2018 жылдың 1 наурызында мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне арналған біліктілікті арттыру курс аясында Орал қаласының №44 «Мерей» бөбекжайы базасында көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды.

 
Кафедра аға оқытушылары біліктілікті арттыру курстарынан өтті
22.02.2018 18:28

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО Педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушалары «ИНТУИТ» Ұлттық Ашық Университетінде қашықтықтан оқыту курсынан өтті.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>

6 - бет 43 - беттен