Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Рухани жаңғыру» – өлкетану саласының жаңа кеңістігі» атты облыстық семинарына қатысу
19.05.2018 05:33

2018 жылдың 16 мамырында облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Рухани жаңғыру» – өлкетану саласының жаңа кеңістігі» атты облыстық семинарына педагогика ғылымдарының кандидаты, МКДППҚ кафедрасының доценті Карлыга Таскалиевна Утегенова «Ғылыми жұмысқа қойылатын талаптар» тақырыбында баяндама оқыды.

 
Көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды
17.05.2018 14:07

2018 жылдың 16 мамырында  мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлеріне арналған біліктілікті арттыру курс аясында Орал қаласының №44 «Мерей» бөбекжайы базасында көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды.

 
Смарт конференция – игі бастама негізі
15.05.2018 17:22

Конференция беті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2018 жылдың 15 мамыры күні «Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі смарт технологиялар» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференцияға БҚО білім беру ұйымдарының педагогтері, соның ішінде 41 базалық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

 
Информатика пәні бойынша Blended learning (аралас оқыту) форматында біліктілікті арттыру курсына арналған білім контенті әзірленуде
25.04.2018 11:17

2018 жылдың наурыз және мамыр айлары аралығында «Өрлеу» БАҰО тапсырмасымен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында Blended learning форматына арналған білім контенті жасақталуда.

 
Интернет-конференцияның мақалаларын талқылау
25.04.2018 10:33

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» 2018 жылдың 1-31 наурыз аралығында өткен «Білім беру мазмұны жаңартылған бағдарламалары бойынша бастауыш сыныптарда оқытудын психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференция мақалалары бойынша сәуір айы бойы талқылау жұмыстары жүргізілді. Интернет-конференцияның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мәселелері бойынша бастауыш сыныпта оқытатын педагогтермен тәжірибе алмасу.

 
Кездесу өтті
23.04.2018 15:11

2018 жылдың 23 сәуірінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «KNOWLEDGE ENGINEERING» ЖШС директоры, «BILIM MEDIA GROUP» компаниясыеың басқарушыларының бірі Нартай Әшіммен кездесу өтті. Кездесуге институт ұжымы мен курс тыңдаушылары қатысты.

Фотогалерея

 
Мектеп кітапханашылары көшпелі тәжірибелі сабақтарға қатысты
13.04.2018 16:18

2018 жылдың 9-20 сәуірі аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі» тақырыбында мектептердің кітапханашыларының біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

 
«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»
12.04.2018 16:35

Бүгін «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» -ның жұмыс тобы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне 1 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» кабинетінде бас қосып,  жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралады.

 
Оқыту семинары өткізілді
12.04.2018 09:26

2018 жылдың 12 наурызында Орал гуманитарлық колледж оқытушыларына арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау» тақырыбында ақылы оқыту семинары өткізілді.

 
«Оқушы жұмысының сапасын жетілдіруге көмектесу үшін сөздік қорды байытуға арналған жаттығулар» тақырыбындағы практикалық сабақ
10.04.2018 11:26

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жоспарына сәйкес 2018 жылдың 10 сәурінде «Оқушы жұмысының сапасын жетілдіруге көмектесу үшін сөздік қорды байытуға арналған жаттығулар» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>

1 - бет 40 - беттен