Course events

Intercourse events

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған шеберлік сынып және коучинг өткізілді
Friday, 13 September 2019 12:56

Үстіміздегі жылдың 12 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» базасында қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Тиімді мұғалім – табысты оқушы» тақырыбында шеберлік сынып және «Әлемдік кафе кәсіби мәселелерді шешудің технологиясы ретінде» коучингі өткізілді.

Сабақтарды өткізу үшін «Мектептен тыс жұмыс орталығы» директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Кужбанова шақырылды. Светлана Мажитовна Беларусь Республикасы Минск қаласында коучинг технологиясын меңгерген сертификатталған ICU тренер (International Coach Union), коучингтің тренері, Халықаралық тренерлер одағының бизнес-тренері болып табылады (Professional Master Coach ICU,  Trainer of Coaching, Business Trainer ICU).

Сабақ барысында қосымша білім беру ұйымдарының оқытушылары сабақ жүргізудің жаңа формаларын, белгілі бір кәсіби мақсатқа жету жолдарын, модерация, жеңілдету, команда құру тәсілдерін игерді.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.