Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Шешендікке машықтану жолдары» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізілді
Thursday, 04 July 2019 18:01

Фотогалерея

Видео 1

Видео 2

Видео 3

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында әртүрлі сала қызметкерлеріне арналған «C1 деңгейі бойынша қазақ тілін оқыту» екі айлық курс жұмысы жалғасуда.

Курсты "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы "Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" ұйымдастыруда. Өткізіліп жатқан курста институт директоры, п.ғ.к. С.Измуханбетова; БҚМУ профессоры, ф.ғ.д. Ғ.Хасанов; ф.ғ.к., доцент Б.Шканова; педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Р.Мулдағалиева; гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Р.Қуанаева; филология ғылымдарының магистрі А.Елеуова дәріс беріп, тәжірибелік сабақтар өткізуде.

Курс бағдарламасына сай 4 шілдеде институт қабырғасында «Шешендікке машықтану жолдары» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өтті.

Мақсаты: Көпшілік алдында сөйлеуде ескерілетін басты қағидаларға талдау жасау, шешендік сөздердегі риторикалық канондар, «тыңдаушыны қалай қызықтыруға болады?», «қалай сендіруге болады?» деген сұрақтар төңірегінде мәліметтер ұсыну болды.

Басқосуда институт директорының орынбасары Елдос Сафуллин сөз алып, «C1 деңгейі бойынша қазақ тілін оқыту» курсының мақсат, міндеттеріне тоқталып өтті.

«Бинго парақшасы» тренингімен басталған шара 2 бөлімнен тұрды. 1-бөлімде «Шешен болам десеңіз...» тақырыбындағы ойын-тренингте жағдаяттар, пікіралмасу, сәйкестендіру тапсырмалары берілсе, 2-бөлім ресми дебатқа ұласты.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.