Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында саралап оқытудың тиімділігі» тақырыбындағы оқыту семинары өтті
Saturday, 29 June 2019 13:06

2019 жылдың 29 маусым күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ базасында «Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында саралап оқытудың тиімділігі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинар мақсаты: жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту. Семинардың өту формасы: фасилитациялық сессия. «Фасилитация» ағылшынан аударғанда – себепші болу, жеңілдету, көмектесу, деп аударылды. Фасилитация – басқа адамның белсенді қатысуымен бір адамның немесе топтың іс-әрекетін жеңілдету процесі. Фасилитациялық сессия барысында «Әлемдік кафе» әдісі қолданылды. Семинарға 50 мұғалім қатысты.

Семинар барасында саралап оқытуды қолданудың өзіктілігі мен мүмкіндіктері қарастырылды; жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқу процесін ұйымдастыруда саралап оқытудың тиімді жолдары анықталды. Семинар қатысушылары саралаудың тапсырма, нәтиже, қарқын, диалог және қолдау көрсету, ресурстар, топтау және бағалау түрлері бойынша берілген материалдарды зерделеп, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес саралап оқытудың мүмкіндіктері жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жоспарлауды, практикалық жұмыс барысында саралау тапсырмаларын моделдеп, сындарлы кері байланыс ұсынды. Семинар нәтижесінде қатысушылар сабақты жоспарлауда саралау əдістерінің тиімділігін анықтады, мысалдар келтіріп, меңгерген біліктіліктерімен, тәжірибелерімен бөлісті.  Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Д.Ш.Жумагалиева, ББПППС кафедрасының меңгерушісі

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.