Course events

Intercourse events

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жаңалықтар
Курс табысты аяқталды
Friday, 15 November 2019 12:28

2019 жылдың қараша айының 8 күні «Өрлеу»ҰБАО АҚ ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан және Атырау облысы бойынша жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын қамтыған (БҚМУ, БҚАТУ,АМУ) «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында жоғары оқу орындары профессорлы-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы курс табысты аяқталды.

 
Кітапхана жұмысы. Инновациялық жоба.
Thursday, 14 November 2019 17:37

Ағымдағы жылдың 14 қарашасы күні Оралдың «Өрлеуінің» ұйымдастыруымен мектеп кітапханашыларына арналған қысқа мерзімді курс аясында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында «Қазіргі мектеп кітапханаларының жұмыс әдістері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды  аға педагог-кітапханашы Г.Ө.Садыкова мен педагог-кітапханашы Ю.Е.Петрова ұйымдастырды.

 
«Инклюзивті білім беру жағдайында оқытуды ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинары өтті
Thursday, 14 November 2019 09:03

2019 жылдың 14 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» базасында «Инклюзивті білім беру жағдайында оқытуды ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің педагогтері мен психологтары қатысты. Барлығы 47 қатысушы.

 
Тынымсыз еңбек. Тамаша тәжірибе
Wednesday, 13 November 2019 16:36

Үстіміздегі жылдың 13 қарашасы күні Оралдың «Өрлеуінің» ұйымдастыруымен мектеп кітапханашыларына арналған қысқа мерзімді курс аясында  С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені базасында «Кітапханашының кәсіби даму құралы – инновациялық жоба» тақырыбында семинар өткізілді.

 
Теория мен тәжірибемен ұштасуы
Wednesday, 13 November 2019 15:36

2019 жылдың 4-15  қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың психологтерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

 
Дәріс оқылды
Wednesday, 13 November 2019 11:01

2019 жылдың 13 қарашасы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ-на Ресей Федерациясы, Саратов облысы, заң ғылымдарының докторы, профессор Байниязов Рустам Сулейманович біліктілкті арттыру курс тыңдаушыларына дәріс оқыды.

 
Мектепке дейінгі ұйымдардың психологтері көшпелі тәжірибелі сабақтарға қатысты
Tuesday, 12 November 2019 16:14

2019 жылдың 4-15  қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың психологтерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

 
Республикалық ғылыми-тәжірибелік on-line конференциясы
Friday, 08 November 2019 11:10

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ жоспарына сәйкес 2019 жылдың 7 қарашасында білім беру жүйесінің түрлі деңгейінде инклюзивті және интеграцияланған білім беру моделін жүзеге асыру жолдарын қарастыру, инклюзивті білім берудің тиімді үлгілерін тарату мақсатында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға инклюзивті және интеграцияланған білім беру» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық ғылыми-тәжірибелік on-line конференциясына тіркелген 16 баяндамашының 5-і БҚО педагогтері болды.

 
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында кәсіби біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті
Friday, 08 November 2019 09:07

«Өрлеу»ҰБАО АҚ ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан және Атырау облысы бойынша жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын қамтыған Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында кәсіби біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті. Курстың аяқталу кезінде қатысушылар курс мақсатына сәйкес күтілген нәтижеге қол жеткізгендігін портфолио қорғау арқылы көрсетеді. Курс кезінде тыңдаушылардың әліпби мен емлеге қатысты толғандырған мәселелерді талқылап, оқуда белсенді болуы, сонымен қатар жаңартылған мазмұнда оқу мен оқытуды ұйымдастырудың тәсілдерімен танысып, болашақ тәжірибесінде қолдану жолдарын қарастыруы маңызды болды.

 
Облыстық дөңгелек үстел өтті
Wednesday, 06 November 2019 16:11

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» 2019 жылдың жоспарына сай 6 қараша күні «Оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі педагогтің кәсіби шеберлігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі педагогтің кәсіби шеберлігін жетілдіру болды.

 
<< Start < Prev 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Next > End >>