Course events

Intercourse events

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Құрметті педагогтер!
Thursday, 12 July 2018 10:57

Сіздерге «Өрлеу»  біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ бастамасымен ұйымдастырылған «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты республикалық бейне сабақтар мен бейне дәрістердің  байқауына қатысу өтінімінің жалғасатындығын естеріңізге саламыз!

Өтінішті біздің сайтқа онлайн-форма арқылы жіберуіңізге болады. http://www.zkoipk.kz/ru/videokonkurs2018.html

Өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды қабылдау 2018 жылдың 10 қазанына дейін жүргізіледі.

Байқауға қатысуға асығыңыздар, қапы қалмаңыздар!

 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Г К Ахметованың ҚР педагогтарына жолдауы
Tuesday, 26 June 2018 09:54

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсәптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында, Білім және ғылым министрлигінің тапсырысымен, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» республика ұстаздары арасында бейне-сабақтардың «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты Республикалық байқауын өткізеді.

Конкурстың мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.

 
«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы күнделігі 01-30 маусым 2018 жыл
Monday, 25 June 2018 09:38

Білім беру ұйымдары үшін ұйымдастырылған бейнесабақтар мен бейнедәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы туралы ұжымдық жалпы жиналыста хабарланды.

 
Көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды
Friday, 22 June 2018 15:04

2018 жылдың 18-29 маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

 
«Робот техникасы негіздері» тақырыбындағы оқыту семинары өткізілді
Friday, 22 June 2018 11:11

2018 жылдың 31 мамырында  Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж базасында «Робот техникасы негіздері» тақырыбында 8 сағаттық ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға аталған колледжден  28 оқытушы қатысты.

 
Көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды
Thursday, 21 June 2018 17:02

2018 жылдың 18-29 маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

 
Мектепке дейінгі ұйымдардың психологтері көшпелі тәжірибелі сабақтарға қатысты
Thursday, 21 June 2018 10:01

2018 жылдың 11-22  маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың психологтерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

 
Назар аударыңыз!
Wednesday, 20 June 2018 09:16

Құрметті Батыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының педагогтері!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» ұйымдастыруымен Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің жыл сайынғы республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы өткізілетін хабарлаймыз.

Байқаудың  мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.

Байқауға үш тілде бұрын жарияланбаған сабақ, ашық сабақ, практикалық-лабораториялық жұмыс, семинар бейнематериалдарымен қатыса аласыздар.

Республикалық кезең жеңімпаздарына ақшалай сыйақылар қарастырылған. Толық ақпарат http://zkoipk.kz/kz/videokonkurs2018.html. Байқауға қатысуға асығыңыздар! Қапы қалмаңыздар!

 
Хабарландыру
Friday, 01 June 2018 11:07

Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсы өтетіндігін хабарлаймыз!

Ереже

Положение

 
«Мәскеу үшін шайқас» повесті бойынша ұжымдық оқу шарасы
Thursday, 31 May 2018 18:21

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» кітапхана бөлімі “Бірге оқимыз” жобасының кезекті оқылымына Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының батыры “Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романын ұсынған болатынбыз . Бұл шығармада қанды соғыстың қатігез бейнесі шынайы бейнеленген. Кейінгі ұрпаққа жеңістің таңын атқызып, бейбіт күн сыйлаған қазақ жауынгерлерінің ерлігімен тағы бір мәрте танысып, ерлікке тағзым ету үшін, бұл шараны ұжыммен қаламыздың «Мәңгілік алау» Ұлы Отан соғысының батырларына арналған аллеясы маңында өткізген болатынбыз.

 
<< Start < Prev 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Next > End >>

Page 1 of 41