Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Ақынға арналған кеш
17.11.2017 13:50

Бүгін 17 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімінің ұйымдастырумен ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы боп қызмет еткен, өлкетанушы журналист Ақмаржан Таубаева Бақытқызының туған күніне орай еске алу кеші болып өтті.

 
Мақала жариялау мәселелері бойынша отырыс өтті
17.11.2017 10:35

2017 жылдың 16 қараша күні «БАҰО «Өрлеу» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасында «БАҚ беттерінде мақала жариялаудың тиімді тәсілдері» тақырыбында отырыс өтті. Отырыстың мақсаты: кафедра оқытушыларына БАҚ беттеріне мақала жариялаудың тиімді тәсілдерін ұсыну.

 
Сабақты зерттеу мәселелері бойынша семинар өтті
16.11.2017 17:47

2017 жылдың 16 қараша күні «БАҰО «Өрлеу» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасында «Сабақты зерттеу – оқытудың сапасын арттыру тәсілі» тақырыбында семинар оздырылды.

 
Инклюзивті білім беру тәжірибеде
15.11.2017 10:44

2017 жылдың 6 мен 30 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ Мектепте оқыту стандарттарын іске асыру контекстінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен дамуы» тақырыбында жалпы білім беретін және шағын жинақталған мектептердің мұғалімдерінің білім жетілдіру курсын өткізуде.

 
№25 «Снежинка» бөбекжайындағы облыстық семинар
10.11.2017 17:40

2017 жылдың 02-17 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымның дене тәрбиесі нұсқаушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дене тәрбиесі нұсқаушыларына арналған  біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

 
«Сабақтың үздік контенті» облыстық байқауы мәресіне жетті. Байқау қорытындысы
08.11.2017 08:35

«Сабақтың үздік контенті» облыстық байқауы мәресіне жетті. Байқаудың қорытындысын төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар.

 
Курстық шаралар өткізілуде
06.11.2017 09:09

2017 жылдың 6 қараша күні 6 қысқамерзімді және 1 ақылы курс басталды.

 
Оралда республикалық семинар өтуде
03.11.2017 12:16

2017 жылдың  2-3  қарашасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан аға оқытушы Алипкалиева Гульфия Бекетқызы «Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбындағы республикалық семинарға қатысып,  «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру» тақырыпта баяндама оқыды.

 
Шетелдік тренерлер біздің филиалда
01.11.2017 17:47

1 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ шетелдік тренерлер Graham Watson және Robin Joseph Warner келді. Шетелдік тренерлер бір айға жуық уақыт «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативтік-тілдік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына сабақ береді.

 
Оқыту семинары өткізілді
01.11.2017 17:15

2017 жылдың 1 қарашасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастыруымен  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған «Білім беру мазмұнының жаңаруы негізінде критериалды бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері» тақырыбында ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға  29  оқытушы қатысты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>

1 - бет 32 - беттен